Көктемнің бұлтындай көңілдің жайы

Қазақта «Көңіл жүйрік пе, көк дөнен жүйрік пе» деген сөз бар. Көңіл-күйдің түрліше кезінде адам өзін-өзі қалай ұстауы керек, бүгін сол жайға тоқталайық.

Ашу.
Ашуланатын іске тап болғанда ең әуелі ашуланғаным жөн бе, жөн емес пе, ашудың арты неге соғар, ашуланудың орнына басқа амал қолдансам болмай ма деп ойлаңыз. Осылай ойлап болғаныңызша өзіңіз де сабаңызға түсіп, ұстамды кейіпке келесіз. Көңілділік. Көп адаммен достасыңыз. Адамдар арасындағы қарым-қатынас көңілді жүрудің кілті. Ұсақ-түйек дүниелеріңізді бітіріп тастаңыз, ол да сізге жайлылық бағыштайды. Әзіл. Әзіл адамдар арасындағы ең тегін әрі тамаша дәрі. Шер. Көңілсіз іске тап болып, шеріңіз тарқамай жүр ме? Назарыңызды басқа дүниеге аударыңыз. Жүгіріңіз, роман оқыңыз, кино көріңіз, тіпті қатты өкіріп жылап алсаңыз да болады. Жақын достарыңызға іште жиналып қалғанның бәрін айтып салыңыз. Талпыныс. Қиыншылық кездеріндегі нашар көңіл-күйді өскелең рух пен арман басып түсуі керек. Мысалы, Қытайдың атақты тарихшысы тарих жайлы жазбаларын түрмеге қамалғаннан кейін істерге іс таппай, барлық зейінімен уақыт өткізу үшін жазған екен. Бойыңызды сергек ұстаңыз. Керіліп-созылып, өз-өзіңізді сілкіп, уқалап денеңізді сергітіңіз. Көңілсіз істер әлі-ақ өтіп кетеді деп ойлаңыз.

Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы

Сурет: baike.com