Денсаулық:
1. Көбірек су ішіңіз.
2. Таңғы асыңыз - патшалардікіндей, түскі ас - ханзаданікіндей, кешкі ас - кедейдікіндей болсын.
3. Өсімдіктен жасалған тағамдарды көбірек жеп, зауытта өндірілетіндерді қолданбауға тырысыңыз.
4. Түрлі ойындар ойнаңыз.
5. Биыл 2012 жылға қарағанда көбірек кітап оқыңыз.
6. Күнде ең болмаса 10 минут тыныштықта отырыңыз.
7. Ұйқыңыз 7 сағатқа созылсын.
8. Жүзіңізге күлкі үйіріліп, күніне 10-30 минут жаяу жүріңіз.
Тұлға:
1. Өз өміріңізді өзгелердікімен салыстырмаңыз. Өйткені олардың бастарынан не өткеріп, қандай жолдармен жүргенін білмейсіз.
2. Өзіңіз басқара алмайтын жағымсыз ойлардан арылыңыз. Мұның орнына күш-жігеріңізді жақсы дүниелерге жұмсаңыз.
3. Өз мүмкіндіктеріңізді біліңіз.
4. Өзіңізге тым қатал болмаңыз.
5. Алтын уақытыңызды өсек-аяңға жұмсамаңыз.
6. Көбірек армандаңыз.
7. Көреалмаушылық пен біреуді күндеу жаман қасиет.
8. Бұрынғы қателіктерді ұмытыңыз. Бақытыңыздан айырылып қалғыңыз келмесе, сүйікті адамдарыңыздың бұрын жасаған қателіктерін есіне салмаңыз.
9. Өмір тым қысқа. Сол себепті өзгелерге кек сақтамаңыз.
10. Өз бақытыңызға тек өзіңіз жауап бересіз.
11. Өмір – мектеп, сіз мұнда білім алу үшін жүрсіз. Түйіні шешілмеген мәселелер математика пәніндегі есептер секілді. Әр сыныпқа көшкен сайын бітпейтіндей көрінеді.
12. Көбірек жымиыңыз.
13. Әр пікірталаста жеңе беруге міндетті емессіз.
Адамдармен қарым-қатынас:
1. Жақындарыңызға жиі телефон соғып тұрыңыз.
2. Күн сайын басқаларға жақсылық жасап тұрыңыз.
3. Барлығына кешірімді болыңыз.
4. Көпті көрген адамдармен көбірек уақыт өткізуге тырсыңыз.
5. Басқалардың сіз жайында не ойлайтыны маңызды емес.
6. Сырқаттанып қалсаңыз жаныңызға жұмысыңыз шипа болмайды, ал достарыңыз керісінше. Сол себепті достарыңызды жұмысыңыздан жоғары қойыңыз.
Өмір:
1. Пайдасы жоқ дүниелерден арылыңыз.
2. Жағдаят жақсы болсын, жаман болсын өзгереді.
3. Сіз міндетті түрде бақытты боласыз!
Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Сурет: www.fon.ru