- Негізгі бет
- Психология
- Кофе басында нені...
Кофе басында нені әңгіме қыламыз?
Кеңседе шәй не кофе ішіп, кішкене болса да тынығып, әріптестерімізбен әңгіме-дүкен құратын демалыстарға немесе кофеханадағы достарымызбен кездесуге не жетсін! Алайда ыстық сусынның басында көпшілік не жайлы сөйлеседі екен?
Жалпы, сұралғандардың 40%-ы кофеханалар мен шайханаларды достармен кездесуге ең жайлы орын деп санайды екен.
Алайда, жұмыстан шығып, достармен кездесіп те, көбіміз жұмыс жайлы әңгіме айтады екенбіз. Жұмыс сұрауға қатысқан адамдардың көбісінің (70%) басты тақырыбы екен.
Қыздардың әңгімелерінің көбісінің тақырыбы - жеке өмір (81%) мен денсаулық (79%).
Жігіттердің де айтатыны - жеке өмірдегі жаңалықтар мен қиындықтар (70%), сонымен қатар олар ағымдағы жаңалықтар жайлы да ұмытпайды екен (70%).
Жұмыс пен қызметіне тәуелді жандар кино, әдебиет жайлы тақырып қозғайтыны қуантады (76% мен 66%).
Ал сіз кофе басында не жайлы әңгімелесесіз?
Дайындаған: Сания Аринова
Сурет: cn.yes-chinese.com
С. А