Кімге сенеміз?

Шәкірті ұстазынан:

Адамдардың шын болмысын тануды қалай үйренсем болады? Кімге сеніп, кімнен бойымды аулақ салғаным жөн? – деп сұрайды.

Ұстазы:

- Алдымен кімнен сақтануың керектігін айтайын. Қатардағы ең көнгіш адамнан қорық. Саған бас иіп, айтқандарыңды үнемі екі етпей орындайтын, үнемі қолпаштай жөнелетін жаннан бойыңды аулақ сал.

Шәкірті:

- Қалайша? Маған түсіндіріңізші!

Ұстазы:

- Себебі, ол сені ең бірінші болып сатады.

Шәкірті:

- Ал кімге сенім артқаным жөн?

Ұстазы:

- Сөзінің жаны бар, ащы шындықты жасырмай айтатын адамға сен. Ол көмекке бірінші болып келеді.

Сенімді адамды жай көзбен байқап, жүрекпен сезіну өте қиын. Бірақ, оны тапқан жағдайға еш уақытта сатып кетпейтініне көзіңіз жетеді.

 Сурет: Владимор Петухов