Ұсақ-түйекке қатысты нәрсе болса да біздің таңдауымыз өзімізді танытуға мүмкіндік береді. Бұл бейсанаға қатысты. Суретке жақсылап зер салыңыз. Сіздің ойыңызша, суреттегі төрт баланың қайсысы ең ақымақ?
1-сурет. Сіз көшбасшысыз, сонымен қатар экстраверт те боларсыз. Өзіңізді қырсық етіп көрсеткіңіз келеді, сонда да жақындарыңызға сізге арқа сүйеуге болады деп есептейді. Маңызды шешім қабылдар кезде көп жағдайда аса асығыстық танытасыз. Идеяларыңызды ойланып, мида пісіріп алуға сәл көбірек уақыт жұмсаңыз.
2-сурет. «Жеті рет өлшеп, бір рет кес». Бұл мәтел тура сізге арналған. Данышпандық және эмоциялық тұрақтылық сөздері сіздің болмысыңызды ашады. Бірақ кейде жауапкершілікті өзгеге жүктей салғанды жақсы көресіз. Өте мейірімді жансыз, айналаңыздағылар кейде бұл қасиетіңізді өз пайдасына қолданып кетеді.
3-сурет. Армандағанды жақсы көресіз. Бірақ армандарыңыз айға тең. Бірақ қалай болғанда да көздегеніңізге жетпей тынбайсыз. Сіздің ойыңыз басқалардан соншалықты айрықшаланып тұратынын адамдар түсіне бермейді.
4-сурет. Сіз аса талапшыл адамсыз, қағидаларыңызды бұзбайсыз. Барлығына қалыптасқан өз көзқарасыңыз бар. Жүйеге қарсы шығуға да барсыз. Бірақ өз ойыңызды өзгелерге дәлелдеймін деп, зиянын өзіңіз ғана тартып жүрмеңіз, абай болыңыз.