- Негізгі бет
- Психология
- Қиындықты жеңу туралы...
Қиындықты жеңу туралы өсиет әңгіме
Жас қыз әкесіне келіп:
- Әке, мен ағысқа қарсы жүзуден қатты шаршадым. Дәрменім қалмады. Не істесем болады? – деп сұрайды.
Әкесі үнсіз қалып, отқа 3 бірдей кәстрөлді қояды. Біріне сәбіз, екіншісіне жұмыртқа, үшіншісіне кофе салады. Арада біраз уақыт өткен соң салған азық-түліктерді қайта алады.
Қызынан:
- Не өзгерді? – деп сұрайды.
- Картоп пен жұмыртқа пісті, ал кофе еріп кетті.
- Жоқ, қызым. Сен құбылысқа сырттай ғана баға беріп тұрсың. Қатты сәбізді ыстық суда қайнатқан едік, ол жұмсарды. Ал жұмыртқа керісінше қатты болды. Олар сырттай өзгермесе де, ішкі күйлерін өзгертті. Сол секілді адамдар да тағдырдың сан соқпағына жолығып, іштей жігерленеді. Сондай-ақ әлсіздері қажып, шағым айтуға құмар келеді.
- Ал кофе ше?
- О! Бұл – ең қызығы! Кофе дәндері толығымен еріп, хош иісті сусынға айналды. Дәл осы секілді өмірді өзгерте алатын жандар да бар. Және ол адамдар айналасына тек бақыт сыйлайды.
Сурет: Илья Алешковский
Қ. Бүйенбай