Қиналғанда мына ереже есіңізде жүрсін...

Қиналғанда мына ереже есіңізде жүрсін...
Фото: anywalls.com

Қиындық – сәттілігіңіздің бір бөлігі. Бір есік жабылғанда, екінші есік ашылады. Қиналған кезіңізде, кез келген сәттілікке күліп-ойнап жетуге болмайтынын біліңіз. Әр сәттілік күресті талап етеді. Шыдамды, өз-өзіңізге сенімді күйіңізде қалыңыз. Қиындықтың екі түрі бар: сізді жаралайтын және сізді өзгертетін. Қиындықтың сізді дамыта түсуіне мұрша беріңіз. 

Өмірде барлық нәрсе уақытша. Күннен кейін түннің, түннен кейін күннің келетіні айқын. Ештеңе мәңгілік емес. Егер өміріңізде бәрі жақсы болса, осы сәттен рахат алыңыз. Өйткені бұл қуаныш та мәңгілік тұрмайды. Егер қиналып жүрсеңіз, өмір бойы қиналмайтыныңыз рас. Әр секунд сізге жаңа мүмкіндік сыйлайды. 

Уайым мен өмірге арыз айту ештеңені өзгертпейді. Өміріне көңілі толмай жүретін адамдар табысқа жетпейді. Ештеңе істемей, үйде құр уайымдап жатқанша, бірдеңе өзгертуге тырысыңыз. Егер жеңілсеңіз, бәрі бітті деген сөз емес. Қолда барды қадірлей білу керек. 

Өмірдің өзі салған мұңды ізден ұялмаңыз. Бұл – сіздің қиындықты жеңгеніңіз, өмір жүрегіңізге қанша жара салса да, бәріне шыдап, мықты бола түскеніңіз. Айнаға қарағанда, басқа адамды көресіз. "Иә, мен бәрін жеңдім! Жеңгенімнің белгісі – осы із. Енді мен одан сайын күшті адамға айналамын!", - деңіз. 

Басқа адамдардың сіз туралы нашар ойы – өздерінің шаруасы. Қазақта "таспен атқанды аспен ат" деген сөз бар. Егер сізді біреулер өсектесе, көре алмаса, жай ғана күлімсіреңіз. Өсектің сізді өзгертуіне жол бермеңіз. Біреудің пікірін емес, өзіңізді ойлаңыз. 

Болуы керек нәрсе болады. Өмірді сүйіңіз, түйсігіңізге сеніңіз, тәуекелге бел буыңыз, жоғалтыңыз, қайта табыңыз, тәжірибе жинаңыз. Күлуден қорықпаңыз. Жай ғана алға жүре беріңіз, өйткені бұл – сіздің өміріңіз. Өмірдің қожайыны – өзіңіз ғана!

Ұқсас жазбалар:

Өзіңе деген сенімді жоғалтсаң...

Қазақы тәрбиедегі қателіктер

Р. Роза