- Негізгі бет
- Психология
- Қимыл – мінез...
Қимыл – мінез сарапшысы
Адамның көңіл-күй дәрежесін бет-әлпетіне қарап та аңғаруға болады. Қайғы-мұң, қуаныш, реніш белгілерін адамның дене мүшелері, яғни, қас,көз,маңдай,қабақ,иек,мұрынның өзі байқатады. Адам көңіл-күйі құбылмалы болып келеді. Соған сай жүзінде өзгерістер пайда болады.
Ең әуелі адамға ұзақ ғұмыр сыйлайтын – күлкі. Күлу арқылы бар уайымды ұмытуға болады. Десе де, үнемі күліп жүру мүмкін емес екені де белгілі. Шынайы күлкінің орны бөлек. Ал жасанды күлкінің астары байқалып тұрады. Сонымен біздің ерекше құбылыстарымызға назар аударайық:
1. Таңданыс нәтижесінде қас жоғары көтеріліп,көздің қарашығы үлкейеді.Ауыз ашылып қалатын да сәттер болады.
2. Адам қорқынышты сезінгенде жүрек қағысы жиілейді. Қас сәл-пәл жоғарылайды.
3. Ашулану немесе ренжу үдерісінде қабағыңыды шытынатып, ерніңді тістеу әдеті орын алады.
4. Жағымсыз иісті сеінгенде мұрын тыржиып, астыңғы ерін сәл алға жылжиды.
5. Мұңды сәтте қасымыз төмен түсіп, ерін ұштары төмен салбырайды.
6. Қуаныш орын алғанда көзіміз өздігінен күлімдеп кетеді.
7. Жігеріміз таусыла бастаса, иық төмен түсіп, бас салбырайды.
8. Сенімсіздік нәтижесінде қолымызды қалтаға салып, еріксіздігімізді аңғартып қоямыз.
9. Саусақпен үстел үстін тықылдату – ішіміздің пысқандығы
10. Маңдайды сүрте беру – жаман ойлардан арылғымыздың келгендігі
11. Саусақпен көзді уқалап, құлақты ұстай беру – көңіл-күйдің нашарлауы
12. Қолымызбен иекті ұстау – шешім қабылдау көрінісі
Осындай іс-әрекеттер арқылы өзімізді психологиялық тұрғыда тануға мүмкіндік бар. Әрекеттерімізге абай болайық.
Ә. Жутаева