- Негізгі бет
- Психология
- Кикілжіңді шешетін сөздер...
Кикілжіңді шешетін сөздер
Біреудің көңіліне қарап сөйлеудің өзі өнер. Ал ренжітіп алдыңыз екен, кірбің түскен көңілді орнына келтіру қиын. Шешімі жоқ түйін болмайды. Серігіңізбен тіл табыса алмасаңыз, мына сөздерді қолданып көріңіз.
Не себепті бұлай ойлайтыныңды түсіндірші.
Адамдар сөзге келгенде бір бірін тыңдамайды, тек өз пікірін дәлелдеумен болады. Түсініспеушілік осыдан туады. Ал бірінің сөзін бірі мұқият тыңдап, түсінуге тырысса, мәселе шешіледі.
Жағдай жақсаруы үшін мен не істейін?
Мәселені шешіп, тезірек біржақты еткіңіз келетін ыңғайды осы сөзбен білдіресіз.
Сен ұрысқан кезде де әдемісің.
Кикілжіңнен қашып, кинодан естігеніңізді қайталағандай естілуі мүмкін. Бірақ кейде адамдар шынында да ұрысып отырса да сүйкімді көрінеді. Осыған сендіріңіз.
Бір шыны шай ішіп алайықшы.
Дәл қазір шайдың уақыты емес шығар. Бірақ керілдесіп керісе бергенше көңілді өзгеге бөлсеңіздер, мәселе жеңілдей түседі.
Сені мұқият тыңдап отырмын. Бірақ алдымен көңіл алаңдатып, күлкілі бір нәрсе көріп алайықшы.
Бұл үзіліс те көңіл серпілтіп, мәселеге жеңіл қарауға әкеледі.
Бұл мәселе өткен жолғы ... деп өзге жағдайды еске түсіріңіз де, сол оқиғадан да жаман ба?
Жағдайларды салыстыру арқылы шүкірлікке келуге болады.
Жетер. Ұрысты дәл қазір доғарайықшы.
Бұл сөзбен бір біріңізді түсінуге қарағанда, арадағы қарым қатынас сізге маңызды екенін көрсетесіз. Кім кінәлі екеніне мән бермеңіз, бастысы сыйластықты сақтап қалыңыз.
@. @assel_assanova