Кез келген жағдайда пайдаға асатын кеңестер #2

Өмірде алдымыздан әртүрлі жағдай шығады. Олардың бірінің шешім тауып, құтылып кетсек, біріне шамамыз келмей жатады. Өткен материалымызда алғашқы төрт кеңесті ұсынған едік. Келесі 4 кеңесті тамашалаңыз:

Жалпыламаңыз

Бір-екі сәтсіздік үнемі қайталанатын жағдайға ұласады деп ойламаңыз. Кез келген жағдайдың нәтижесін жеке қарастыру керек. Әр жағдай әртүрлі себеппен туындағандықтан, оның қайталануы екіталай.

Жүрекке жақын қабылдамаңыз

Өмірде болатын түрлі жағдай әртүрлі аяқталады: бірі сәтті болса, бірі көңілімізден шықпай жатады. Сондай-ақ сізге жақын адамдардың қарым-қатынасы сіздің оларға деген қарым-қатынасыңызға қарағанда әлдеқайда салқындау болса, қамықпаңыз. Өзгелердің жылы не суық көзқарасын жүрекке жақын қабылдамаңыз. Сонда ғана сіз барлық мәселенің дұрыс шешімін табуды үйренесіз.

Енжарлыққа салынбаңыз

Оптимист болуды үйреніңіз. Өмірден тек жаман нәрселерді күтетін болсаңыз, міндетті түрде табасыз. Негативті ойлау өмірімізге қиындықтардан өзге ештеңе алып келмейтіні анық. Сондай-ақ кез келген жағдайдың тек негативті жақтарын ғана көретін боласыз. Ал позитивті ойлауға көшсеңіз, кез келген қиын мәселенің пайдалы жақтарын таба аласыз. Ал олай болса, сол мәселенің шешімі де табыла жатады.

Өткенді ұмытыңыз

Бұл - соңғы әрі ең маңызды пункттің бірі. Бәрін қабылдап, ұмытып, әрі қарай жылжыңыз. Ыза, реніш, қапалану, бақытсыздық – өткенді жібере алмаған адамдардың серігі. Өткенді неғұрлым жиі еске түсірсеңіз, соғұрлым көлемі ұлғая береді.

Аталған кеңестер өмірде сізге пайдалы болады деген үміттеміз.

Сурет: wallpaperhosting.co

Кез келген жағдайда пайдаға асатын кеңестер 

Өмірде қажет болатын кеңестер

Өмірге қажетті кеңестер