- Негізгі бет
- Психология
- Кез келген адамға...
Кез келген адамға әсер ететін 5 психикалық ауру
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, әлемде әрбір сегіз адамның бірі психикалық ауытқудың бір түрінен зардап шегеді. Біз көптеген психикалық ауытқу туралы естігенбіз. Депрессия, шизофрения және басқа да аурулар туралы фильмдер мен әдебиеттерде жиі айтылады, сонымен қатар өмірде жиі кездеседі. Дегенмен, олардан бөлек көптеген психикалық аурулар бар.
Хью Джекман Росомаха рөлінде
Зооантропия синдромы
Шизофрения және басқа психикалық аурулары бар адамдар кейде "зооантропия" деп аталатын жағдайға тап болады. Бұл психикалық күй адамды қандай да бір жануарға айналдырады немесе жай ғана қалай айналуды білетін сияқты көріне бастайды. Көбінесе адамдар өздерін қасқырлармен байланыстырады. Аурудың бұл нұсқасы "ликантропия" деп аталады. Бірақ аурудың басқа да – "кинтропия" (иттер), "галеантропия" (мысықтар), "офидиантропия" (жыландар) дейтін түрлері бар. Автометаморфоздың белгілі жағдайлары да бар. Ол кезде адам өзін өсімдік деп санайды.
Өздерін жануар ретінде елестететін адамдар соған сәйкес әрекет ете бастағандықтан, олар көбінесе басқаларға қауіпті болады. Мысалы, ликантропиямен ауыратын адам төрт аяғымен жүріп, айналасындағыларды тістеуге әрекет етеді.
Котара синдромы
Котара синдромы кезінде – адам өзін тірі өлік деп санайды. Бұл күй шизофрениямен ауыратын адамдарда жиі кездеседі. Аталмыш ауруды алғаш рет 1880 жылы невропатолог Жюль Котара сипаттаған. Ақырындап адамдар үмітсіздік пен өзін-өзі жек көру сезімін бастан кешеді. Ауру асқынғанда оны сау екеніне сендіру мүмкін емес. Бұл күйде адамдар басқаларға қауіпті болуы мүмкін, өйткені олардың жоғалтатын ештеңесі жоқ.
© zdorovieinfo
Мюнхгаузен синдромы
Мюнхгаузен синдромы дегеніміз өтірік ауру немесе ауру боп көріну. Олар ауруханаға бару және медициналық тексеруді қолдан жасайды. Бұл психикалық ауытқуы бар адамдар өздерін ауру деп санайды, егер оларға сенбесе, агрессивті бола бастайды. Ғалымдар адамдардың бұл мінез-құлқының шынайы себебін әлі түсінбеді.
Мюнхгаузен синдромы бар ата-аналар балаларында симптомдарды жасанды түрде тудыруы мүмкін. Осы жағдайлардың бірі 2015 жылы белгілі болды. АҚШ тұрғыны Клоддин Бланшар (Clauddine Blanchard) қызы Розды бала кезінен айықпас ауру деп санаған. Бойжеткен жастайынан астма және бұлшықет дистрофиясы сияқты ауруырамын деген сеніммен өсті. Өсе келе ол өзінің толық сау екенін білген.
© sherbakova.com
Отелло синдромы
Отелло синдромы – Уильям Шекспирдің қызғанышпен күресіп, сүйіктісін өлтірген ең танымал кейіпкерлердің атына қойылған. Классикалық трагедиядағы кейіпкер сияқты, мұндай ауытқуы бар адамдар өздерінің ғашықтарын себепсіз қызғанады. Отелло синдромының алғашқы белгісі кезінде адам сүйіктісіне өте қамқор болады, бірақ уақыт өте келе бұл жағдай қорқынышты "қамқорлыққа" айналады. Бұл психикалық ауытқу өте жиі кездеседі және көбінесе мұндай адамдар сүйіктісін өлтіріп тынады.
Т. Раушанұлы