Кесір сөз - керекті кеңес

Кесір сөз - керекті кеңес

Бақыт сен тұрған үйдің үлкендігіне байланысты емес, қайта сол үйден шыққан тәтті күлкіге байланысты.

***

Сен беймаза өткізген бүгін – кеше өмірден өткендер армандайтын ертең. Сен беймаза болған бүгін – сен мәңгі қайтара алмайтын өткен сәтке айналады.

***

Сенің әшейін айта салған сөзіңнің мәлім бір ауыздар арқылы кемейіп не көбейіп, тағы басқа ауыздармен қандай да бір құлақтарға жететінін білмейсің. Сондықтан әр сөзіңе абай бол, бауырым.

***

Мына дүние шынымен-ақ тар екен. Тарлығы сонша, сен ойда-жоқта әлдекімдерге жолығып қалуың мүмкін. Дүние шынымен ақ өлшеусіз. Оның кеңдігі сонша, сен әлдекімдерді жаныңнан бір-ақ сәтте жоғалтып алуың мүмкін.

***

Қыздардың футбол ойнауды ұнатпауының себебі – олар айналасындағы бірнеше адамның өзімен ұқсас үлгідегі киім киінуін әсте қаламайды.

***

Егер сіз бір уақытта екі бірдей қызды сүйіп қалсаңыз, онда сөзсіз екіншісін таңдаңыз. Өйткені, сіз тұңғыш ұнатқан қызды шынайы жақсы көрсеңіз, әсте екінші адамға қызықпауыңыз керек еді.

***

Жаңа келіншегіммен түс шайысып қалдым. Көңіл-күйім қатты түсіп тұр. Ол ұйықтап қалғанда ас үйге кірдім де барлық қақпақты құтылардың аузын қатты бұрап, бекітіп тастадым. Ал, жыныма тиіп көр! Маған ақыры жалынасың ғой: «Мынаның аузын ашып берші» деп!..

***

Мен саған «Қарбалас болсаң, өз жұмысыңды жалғастыра бер» деген кездерімде «Жоқ, маған сен бәрінен де маңыздысың, саған серік болайыншы» деуіңнен қаншалықты үміт етемін деші...

***

Жүрегіңде басқа біреу болса, өзіңді сүйген екінші біреуді әсте үміттендірме. Сол пәк махаббатты сол қалпында қалдыр. Ол басқаларды ғана емес, өзіңді де құрметтегенің. 

Дайындаған: Алшын Матай

Сурет: baidu.com

Қ. Қауымбек