Кешіру - оңай емес #2

Кешіру - оңай емес #2
Фото: Андрей Хамицевич

Ашу, кек, өкпе сындылардың барлығы адамды жаман істерге бағыттап, бақытсыздыққа душар етеді. Әрине кейде ішімізге жиналған жағымсыз эмоцияны сыртқа шығарудың еш зияны жоқ. Алайда осы жағымсыз эмоцияларды сабыр, төзім сынды қасиеттермен алмастыра алсақ, нұр үстіне нұр болатын еді. Осы қасиеттер туралы мақаланы оқырманымыз Майра Мырзахметова аударып, бізге жолдаған екен. Оны назарларыңызға ұсынамыз. 

Басы

Ішіңізде өкпе-наз қайнап жатқан уақытта кешіре салу да оңай емес. Кешіргіміз келіп тұрады. Ақылымызға жүгінсек, ең дұрыс шешімі осы екенін ұғамыз. Біз тыныштықты, ләззат алуды қалаймыз. Жеңілденіп қалуды, мазалаған ойлардан арылуды ойлаймыз. Бірақ бір шешімге келе алмай тағы да дал боламыз. Өйткені ешкім бізге кешірудің не екенін түсіндірмеген.

Болған жағдайды түк болмағандай өшіргішпен лезде өшіре салу қиын. Кешірсек те, ауырған жанымыз сауығып, тозған жүйкеміз қайта қалпына келмейді. Ал ішкі жан дүниеміз бұрынғыдай қалпына келу үшін ұзақ уақытты талап етеді. Сондықтан кешіру - жай ғана алға қойған мақсатты орындау.

Кешірім өткінші өмірден күткен үміттен бас тартумен бірдей. Ал түсінікпен қарау дегеніміз - барлығының бітіп, болған жағдайдың қалыпқа келмейтінін аңғартады. Бұл - сіздің ешқандай керемет арқылы да залалды өтеуге келмейтінін түсінгеніңіз. Ия, барлығы әділетсіз болды. Бірақ зардабын өзіңіз өмір бойы тартуыңыз керек деген сөз емес. 

Кешірім - жеке адамға тиесілі жауапкершілік. Ол жою ұғымын білдірмейді, қайта құру керектігін ұғындырады. Яғни біреуді кешірген кезде жаныңыз тыныштыққа бөленеді.

Біреуді кешіру арқылы айыпты адамның күнәсі ақталмайды. Бұл қадамыңыз арқылы онымен дос болып, оған жаныңыз ашуға да тиісті емессіз. Сіз жай ғана жүрегіңізге жара салып, сол жараның орны бәрібір де қалып қойғанын түсінесіз. Өкпенің ізі қалса да, біртіндеп жараның орны жазыла бастайды, ары қарай сол жараның тыртықтарымен өмір жалғаса береді.

Кешірім - әділдік орнаған айтулы күн емес! Берілген тағдыр сынағынан кейін болған іс салдарынан арылуға тырысқаныңыз ғана. Кешіру – жүректегі жараңыздың сіздің болашағыңызға әсер етпейтінін түсінгеніңіз.

Кешіру – сіздің жеңілгеніңізді білдірмейді, ендігіде жаңа күшпен барлық қиындықты жеңуге дайын екеніңізді меңзейді.

Қ. Бүйенбай