Кешірімнің денсаулыққа тигізер 5 пайдасы

«Адам ашуланып тұрған кезде қолына ыстық шоқ ұстап тұрғанмен бірдей болады. Сол шоқты басқа біреуге лақтырмайынша тынбайсың. Өзің өртенесің немесе біреуді өртейсің».

Будда

Біреуге ренжіген кезде оның емес, сіздің жаныңыз қаттырақ күйзеледі. Ол адам бұл туралы мүлдем ойламауы мүмкін. Түрлі ауруға душар боласыз. Жаныңыз бен тәніңіз қосылып ауырады. Ал сабырға келу одан да қиын. Мысалы, тісіңіз ауырды делік. Ол сіз емдетіп жатқан кезде одан да қаттырақ ауырады. Артынша мұның барлығы ұмыт болады. Жан жарасы да сол секілді. Жаныңызды жегідей жейді. Алайда оны емдей білсеңіз, жарасының ізі де қалмайды.

Кешірім деген не?

«Менде барлығы дұрыс деп айттым ғой!» Көп адам осы сөздерді кешіріммен шатастырады. Шындығында бұл сөз «менің қалым өте нашар» дегенді білдіреді. Айтайын дегеніміз өзіңізді ренжіткен адамды іштей кешіре білуіңіз керек. Әйтпесе денсаулығыңызға кері әсері тиеді.

1. Күйзелістен арыласыз

Адам біреуді кешірген кезде кортизол деңгейі төмендейді екен. Ғалымдар ішіндегі өкпе-назы туралы айтып отырған 71 адамның реакциясын бақылады. Ал либералды көзқарастағы адамдар аз күйзеледі екен.

2. Жүрегіңіз сау болсын

Кешірім денсаулығымызға, соның ішінде жүрегіміздің қызметіне тікелей әсер етеді. Барлығына ренжи беретін болсаңыз, жүрегіңіз одан бетер ауырады. Ал адамның санасына бола жүректің жапа шеккені қаншалықты дұрыс?

3. Ауырғанды басады

Жүрекпен кешіру арқылы физикалық ауырлықтан арыламыз. Денсаулығымыз қайта қалпына келеді. Арқасы ауыратынын айтқан 61 науқас өзін ренжіткен адамдарды кешірген соң денсаулықтары айтарлықтай жақсарып қалғанын айтқан. Яғни кешірім мен денсаулықтың арасында үлкен байланыс бар.

4. Қан қысымы төмендейді

Адам ашуланған кезде қан қысымы көтеріледі. Бұл - еліміздегі ең қауіпті аурулардың бірі. Оны дер кезінде алдын алмаса, қартайған шақта денсаулыққа зиянын тигізеді. Ал адамды жүрегіңізбен кешірсеңіз, қан қысымыңыз бірден төмендейді.

5. Өмір сүру деңгейін жақсартады

Жүрегіңіздегі өкпе-наз өміріңізді қысқартады. Тез қартаюға әкеліп соғады. Ал кешіре білетін жандар әрдайым ұзақ өмір сүреді.

Адамды шын мәнінде кешіру қиын. Әсіресе құндылықтарыңызға қарсы келген кезде. Ал «кешір» деген сөзді айту оңай. Есіңізде болсын: ашу – жанған шоқ. Осы шоққа күйіп қалғыңыз келмесе, әрдайым кешірімді болыңыз.