Кейде айналамыздағы адамдардың барлығы сынап, ақыл айту үшін жүргендей көрінеді. Дегенмен, сіз өз өміріңізді бұл адамдардың бақылауына беруге міндетті емессіз. Айналаңыздағы адамдар сізге жол сілтегенімен, оған құлақ асу не аспау өзіңіздің құзырыңызда. Сондықтан, олар қалағандай өмір сүрмегеніңіз үшін кешірім сұрауды қойғаныңыз дұрыс.
Өзіңізді бірінші орынға қойыңыз:
Өзінің жағдай мен бақытын бірінші орынға қоятын адамдарды қоғам "эгоист", "өзімшіл" деп атайды. Бірақ, өзге біреудің араласуынсыз өз өміріңізді қолға алсаңыз, бақыт пен жетістікке деген алғашқы қадамды жасадыңыз. Бұл қадамыңыз басқаларға ұнамаса да, ол үшін кешірім сұраудың қажеті жоқ.
Өз эмоцияңызбен бөліссеңіз:
Бізге бала кезден қоғамда адам баласы өзін-өзі ұстау ережелерін санамызға сіңіріп өсіреді. Артық сөйлемеу, күлмеу немесе сезімдерді жасыру. Бірақ, сіздің "сіз" ететін — ішкі сезімдер ғана. Сондықтан, одан ұялмаңыз.
Өзіңіз қалаған жолмен ақша табыңыз:
Егер жасап жүрген жұмысыңыздан рахаттанатын болсаңыз, өміріңізге жеткілікті табыс көзі мен рухани жетілуге мүмкіндігіңіз болса, онда өзіңіздің таңдаған бағытыңыз үшн ешқашан кешірім сұрамаңыз.
Өз өткеніңізден ұялмаңыз:
Кейбір адамдар өзгенің өткен қателігін еске алып, бетіне басқанды жөн санайды. Өмірдің өзі естеліктер мен тәжірибелерден, қателіктер мен таңдаулардан тұрады. Өткенді бір тәжірибе ретінде қабылдаңыз және қателіктер үшін кешірім сұрамаңыз.
Өз пікіріңіз үшін:
Белгілі бір адамның пікірімен келісе қоймасаңыз да, оны құрметтеуге болады. Егер өзіңіздің пікіріңіз болса, оны жеткізе біліңіз және ұялмаңыз.