Кешірім сұрау - бақыттың баспалдағы #2

Жүрегімізге жақын адамдардың назын тыңдап отырған кезде, олардың кекшіл екенін байқаймыз. Өздеріне жасаған жақсылықтарды көп еске алмаса да, жамандықтарды мәңгілік жадында сақтап өтеді. Кешіре білу - бізге жасаған опасыздықтарды ұмыту немесе оларға бой ұсыну емес, осының барлығын қабылдап, өмірдің жаңа ақ парағын ашу.

Түсінісу

Өзімізді ренжіткен адамға ақталуға мүмкіндік берместен оны айыптауға кірісеміз. Оған қалаған мінезімізді теліп, тек кемшіліктерін байқаймыз. Кейти Байрон өзінің «Жұмыс істеу тәсілдері» атты еңбегінде интерпретация туралы жазады. Біреуді айыптамас бұрын қаншалықты дұрыс пікір білдіріп жатқанымызға көңіл бөлу керектігін айтады.

Қарсы алдыңызда тұрған адамға пікір білдіруге мүмкіндік беріңіз. Оны соңына дейін тыңдаған соң ғана шешім қабылдаңыз. Сіздің де қателесуіңіз мүмкін деген нұсқа бар. Кейде бізді көзіміз бен ақылымыз алдайды.

Ашу – дұшпан

Өзге адамға кек сақтау арқылы, оны жазалап жүрміз деп ойлаймыз. Шындығында біз өзіміздің ғана жан-дүниемізді жаралаймыз. Ашу – біздің жанымызды улайтын дүние. Одан арылған кезде, бақыттың алғашқы баспалдағын басамыз. Одан арылудың түрлі тәсілі бар. Меңгерілуі де оңай.

Дербес пікір

Балаларымызға кикілжіңді бейбіт жолмен шешіп, эмоцияға берілмеудің маңызы зор. Адамдар арасындағы қарым-қатынас түрлі элеметтен құралады. Кейде пікірлеріміздің ортақ болмайтынына түсіністікпен қарауымыз керек. Бізге қарап балаларымыз үлкен өмірге тәжірибе жинақтайды. Сын арамыздағы қарым-қатынасқа сызат түсіреді. Ал зілді дауысымыз бір-бірімізді жек көруге итермелейді. Өз сезімдеріміз туралы ашып айтқан кезде, өмірімізге деген жауапкершілікті мойнымызға аламыз.

Кей адам кешірім сұрасам, өзімді төмендетемін, намысым аяқ астына тапталады деп ойлайды. Шындығын да бұлай емес. Тек мықты адам ғана өз кінәсін мойындап, кешірім сұрайды. Адам өзінің кім екенін білген кезде ғана осылай жасайды. Ал қарсы алдымызда тұрған адам өз кезегінде бізге сенім артып, үнемі түсіністікпен қарауға дағдыланады. Ал бұдан артық қандай бақыт болуы мүмкін? Қателік – адам баласының болмысына тән әрекет, ал кешірім сұрау – оның ұлылығы.

Ал Сіз ше? Өз қателігіңізді мойындап, кешірім сұрай аласыз ба? Жақын адамыңыздың ауыр айыбын кешірген уақытыңыз болды ма?

Сурет: ©Евгения Горобец