Өкініп, кешірім сұрау адамға зиян екен.
Психологтар көп жағдайда адамның өз қатесін түсініп, сол арада дереу кешірім сұрасаңыз жеңілдеп қаласыз дейді. Ал бірақ жаңа зерттеулерге сүйенсек, кешірім сұрап, өзіңізді жерлей бермеудің де пайдасы баршылық көрінеді.
Зерттеушілер егер адам өз қатесін мойындамай өз дегенінде тұрып алар болса, өзіне деген сенімділігі артады екен. Ал бұл өкініп кешірім сұраған кездегі жеңілдеуден де артық болыпты.
Тайлер Джи Окимото, Майкл Венцель және Кули Хедрик есімді профессорлар Квинсленд университетінде 228 ерікті қатысушыдан қай кезде достарының алдында қателік жасағанын сұрапты. Көп адам аса маңызды емес қателіктерін ғана еске түсіре алыпты. Сосын өз қателігін біле тұра кешірім сұрамай қойған сәтін еске түсіруді өтінген.
Ғалымдар сосын қатысушыларды екі топқа бөлген. Бір топ электронды хат түрінде кешірім сұрау үлгісін алған да, екінші топ кешірім сұрамаудың үлгісін алған. Бір таңданарлығы, екінші топ психологиялық басымдылық көрсете білген. Бұдан кейін ғалымдар қатысушылардың барлығынан өткен қателігі үшін кешірім сұрауды талап еткен кезде де «өткеніне өкінбеген топ» психологиялық тұрғыда басымдылық таныта білген.
Осыны қорытындылай келе, психологтар кешірім сұрамаудың да пайдасы бар деген шешімге келген. Басты себеп – кешірім сұрамаған адам өз-өзіне деген сенімділігін арттырып, жағдайды бақылауда оңай ұстай алады екен.
Дайындаған: Ардақ Құлтай
Сурет: relax-fm.ru