- Негізгі бет
- Психология
- Кеңседегі әдеттерге қарап...
Кеңседегі әдеттерге қарап таны
Жұмыс бастамас бұрын кофе әлде шәй ішісіз бе? Үстеліңіз жиналған ба, жоқ па? Психологтардың айтуынша, сіз туралы көп нәрсе білу үшін, сізбен бірге бір жұмыс күнін өткізу жеткілікті.
Қағаздар:
- Жиналып, орындармен қойылған файлдар мен папкалар әліппе бойынша жатыр. Қысқасы, қағаз құжаттардың бәрі керемет жүйеленген. Сіз қалағаныңызды еш қиындықсыз таба аласыз, кеңседегі кез келген сұрақты шеше аласыз. Әріптестеріңіз сізден кеңес сұрауға жиі жүгінеді.
- Шашыраңқы, жинастырылмаған. Электронды поштаңызда жүздеген оқылмаған хаттар, үстелдің үстінде қаралмаған қағаздар бумасы. Бұл сіздің еріншектіңізді көрсетпейді, керісінше, сіз өз күшіңізге сенімдісіз, жұмыссыз отырғанды ұнатпайсыз, жаңа кез келген жобаға қуана келісесіз. Кестеңізде бос уақыт болмайды.
- Қажет емес қоқыс қағаздар. Электронды поштаңызда қажет емес спам, түрлі сайттардың жарнамасы, жұлдыз жорамалы. Үстеліңізде де қажет емес қағаздар, қараймын-ау деп айлап жатқан құжаттар. Сіз барлық жұмысқа бірден кіріскіңіз келеді. Бір уақытта бар істі тындырамын деп ойлайсыз, ылғи асығып жүресіз.
Үстел үсті:
- Жеке суреттерге, құмыраға отырғызылған гүлдерге, барып келген жерлерден кәдесыйлар мен магниттерге толы. Сіз - әріптестеріңіздің арасындағы ең көңілді, бәрімен тілдесе алатын жансыз. Кеңседегі жаңалықтардың бәрін біліп жүресіз, уақытыңызды жұмыс пен жеке өмірге дұрыс бөле аласыз.
- Бос. Бұл үстелде ешкім отырмайтын сияқты: бетінде тек қалам мен қағаз жатыр. Бұл сіздің жоспарлау қасиетіңізді көрсетеді. Жұмысыңыз жоспарларға сай жүреді. Жұмысқа еш уақытта кешікпей, тапсырылған жұмысты уақытында орындайсыз.
- Екінші үй. Журналдар, визиткалар, тамақ, косметика, қолшатыр, аяқ киім... Бұның барлығы жұмыс сөрелерінде жатыр. Жұмыс орныңыз екінші үйіңізге айналса, сізді көңілді, басқалармен оңай тіл табысатын, жаңа жерге тез үйренетін адам деп сипаттаса болады.
Тіскебасар:
- Автоматта сатылатын шоколад пен кофе. Сіз бүгінгі күнмен өмір сүресіз. Көңілдісіз, достарыңыз көп. Бірақ көп жағдайда жасаған істеріңіздің ертеңі жайлы ойланбайсыз.
- Жеміс пен жаңғақтар. Сіз жинақы, тәртіпсүйгіш, өмірден не қалайтынын білетін, өз дегеніне міндетті түрде жететін жансыз.
- Түрлі. Күніне бірнеше рет түрлі тіскебасарлармен тамақтанасыз. Кеңседегі бар тәттіні не әріптесіңіздің түскі асын жей аласыз. Сіз - өмірден рахат алып, басқаларды да өзінің оң көңіл-күймен қуандыратын жансыз.
Жұмыс күніңіз неден басталады?
- Көшеден алынған дәмді кофе. Сіз батыл, қайсар адамсыз. Жалғыз жұмыс жасағанды қалайсыз. Біреуге тәуелді болғанды жек көресіз.
- Үйден құйып алған кофе. Сіз істеріңізді алдын ала жоспарлағанды ұнатасыз. Істеріңізді аяқтамай тастамайсыз, ақшаңызды да санай аласыз.
- Кеңселік шәй. Сіз қиындықтардан қашатын, өмірлік ағынмен жүргенді қалайтын жансыз.
Жұмыс компьютеріңіздегі кілт сөзіңіз қандай?
- Сандар - анаңыздың телефон нөмірі, жігітіңіздің туған күні. Сіз тәуелсіз, өз ойына сенімді, креативті ойлайтын, өзіне адал жансыз.
- Жеке ақпарат. Мысалға, бала кездегі лақап атыңыз немесе баруға армандайтын елдің атауы. Сіз - арманшыл, романтикалық ойларға толы жансыз. Ойыңыз шашыраңқы болады, сол себепті жұмысты тиянақты жасай алмайсыз.
- Сізге ғана түсінікті сөз. Сіз көңілді, тіл табыса алатын, достарына адал адамдар қатарынансыз.
Ал сіздің тағы қандай кеңселік әдеттеріңіз бар?
Дайындаған: Сания Аринова
Сурет: presentation.business-analyst.ru
С. А