Клод Шеннон — өткен ғасырдың ең данышпан адамдарының бірі, оны, Алан Тьюрингпен бірге, ақпараттық дәуірдің қалаушысы деп атайды. Заманауи цифрлық коммуникациялар арқа сүйеген ақпарат теориясын осы Шеннон түзді. Сондай-ақ ол криптография мен криптоаналитика теориясын, одан бөлек ойындар, автоматтар теориясын және басқару теориясының дамуына елеулі үлес қосты. Ол басы бүтін иннавациялық нәрсе ойлап тапты. Бірақ оның ойлау тәсілі басқа кемеңгерлер үшін классикалық болып келді. Маңыздылығын Клод Шеннонның өзі атап көрсеткен және проблемаларды асқан шеберлікпен бір жақты қылуды қалайтын әр адам басшылыққа алуы тиіс ғұламалықтың негізгі үш қағидатын даралап алып отырмыз. Проблемаларды асқан шеберлікпен шешуді қалайтын әр адам басшылыққа алуы тиіс және Клод Шеннонның өзі маңыздылығын баса айтқан негізгі үш даналық қағидасын ұсынамыз.
Ұсақ-түйектерге кіріспес бұрын негізін анықтап алыңыз
Қандай да бір проблеманың шешімін іздемей тұрып, оны ұғып алған абзал. Бір жолы Эйнштейн егер біздің планетамызды 1 сағат ішінде құтқару керек болса, 55 минутын оны қалай жүзеге асыру керек екенін ойлануға жұмсайтынын айтқан.
Мұны көбі біледі. Бірақ проблеманың өзегін қалай іздеу керек деген мәселеге келгенде пікірлер бөлініп кетеді.
Адамдар көбіне ұсақ-түйекке тым көп көңіл аударады. Бұған ойлаудың клипизациясы мен фрагментациясы әсер етеді (ақпараттың шамадан тыс болу ықпалының салдары). Біз ұсақ-түйектерді ысырып тастап, негізгі мәселеге назарды шоғырлаудың орнынына, ұсақ-түйектер түптің түбінде біртұтас нәрсеге бірігетініне үміттеніп, бір ұсақтан екіншісіне ойыса береміз.
Шеннон басқа жолмен жүрді. Тіпті өмірбаяншыларының айтуынша, тым арыға кетті. Сол заманның математиктері оны өз еңбектерінің көбінде қатал және айқын болмады есептеді. Егер бүкіл маңызы жоқ ұсақ-түйектерді алып тастамаса, проблеманың түбіріне жете алмайсың, дұрыс шешімді таба алмайсың деп есептеді ол.
Көбіне, мәселенің түбіне жеткен кезде, ол жерде айтарлықтай проблеманың жоқ екенін түсінесіз. Бірақ қаптаған ұсақ-түйектер түймедейді түйедей қылып тұрады. Бұл ұсақ-түйектерге кірісуден алдын, мәселенің негізін көріп алудың қаншалықты маңызды екенін білдіреді. Олай етпеген жағдайда сіз басынан бастап-ақ қате жолға түсіп алуыңыз мүмкін.
Бұның бәрі ұсақ-түйектердің маңызы жоқ дегенді білдірмейді. Олардың кейбірі тіпті бейпропорционал түрде маңызды. Бірақ соншалықты (егер одан көп болып кетпесе) мүлдем пайдасы жоқтары да бар. Сіз негізін көріп алмасаңыз, ұсақ-түйектердің қайсысы қажет екенін біле алмайсыз.
Бір мысал келтірейік: сізде фотосуретті толықтай жүктеп ала алмайтын әлсіз компьютер бар делік. Бұл жағдайда суретте не бейнеленгенін түсіну үшін бірнеше анық үзіндіні көргенше бұлдыраған превьюді көрген артық болады. Дәл осыны кез келген нәрсеге пайдалана беруге болады.
Таптаурын жолдан шығыңыз
Көбіне, көп уақытымызды проблема туралы толғануға жұмсағанымызда, өзімізге бізді тек бір ғана жолға салып отыратын туннелдік бағыт эффектін жасап аламыз. Біз бір нүктеден кіріп, әрдайым жападан жалғыз нұсқаға алып баратын логикалық ойлау жүйесін қолданамыз. Мәселені қайта шешіп көру барысында, бір ойтүйінге қайталап келе береміз. Шығармашылық ойлау аздап басқаша жүреді. Әр сәтінде әртүрлі ойтүйінге келе аламыз, мүлдем басқа шешімдер ойлап таба аламыз. Олардың барлығы бірдей дұрыс бола қоймайды, бірақ бізде мүмкіндік көбие түседі.
Шеннонның әдістерінің бірі проблеманы барынша көп жолдар арқылы қайта түзу болатын. Бұл оның (проблеманың) әсіре үлкейтілуін немесе әсіре кішірейтілуін, тұжырымның өзгеруін, инверсиясын (аударып-төңкерілуін) білдіруі мүмкін еді. Бұл жаттығудың мақсаты — не болып жатқанына біртұтас көзқарас түзу.
Миымыз менталды тұзаққа оңай түсіп қалады, ол қақпаннан босанудың жақсы тәсілі — кері санақатың басын өзгерту. Негізі мәселе Түйінді нәрсе біздің проблеманың мәнін өзгертіп жібергенімізде емес, оны қалай түсінгенімізді өзгерткенімізде. Біз проблема айтылатын форманы ғана өзгертеміз. Мәселенің түйіні біз проблеманың негізін, оны қалай түсінгенімізді өзгертпейміз. Біз оның айқындалған формасын ғана өзгертеміз.
Әдетте өзімізге «Бұл мәселені шешудің ең жақсы тәсілі қандай?» деп сұраймыз. Алайда өзімізден «Бұл мәселені шешудің ең нашар тәсілі қандай?» деп те сұрай аламыз. Көріп тұрғандарыңыздай, істің мәні өзгермейді — тек біз оған басқа көзқараспен қарай бастаймыз.
Идеялардың кірісін екі еселеңіз
Кемеңгер болу үшін тударатын идеялардың сапасы ғана емес, сондай-ақ олардың саны да маңызды. Бірталай нашар идеядан жап-жақсы біреуін «құрастырып» алуға болады. Ендігі мәселе осы жақсы немесе нашар идеялардың бірталайын қалай шығара аламыз. (Оның жолдары көп, мысалы ой-талқы (brainstorm) немесе Г. Альтшуллердің ӨМШТ (өнертабыстық мәселелерді шешу теориясы) секілді креативтік әдістемелер... Бірақ әңгіме олар туралы емес.)
Шеннонның ұстанған қағидасы әдістемелердің әрқайсысына оңай қолдануға болады және ол қағидат әдістемелерді әлденеше есе күшейтіп береді. Бұл идеяларды көбейту қағидасы. Шеннонның өзі бұл жөнінде былай деген:
Егер идеяны кейбір адамның миына атып жіберсеңіз, сіз идеяның жартысын ғана аласыз. Сонымен қатар басқа адамдар да бар... олар өздеріне жіберілген әр идеяға екі идея қылып қайтарып береді.
Бұл жерде гәп идеяның санында ғана емес. Ескі идеяларға сүйене жаңа идея түзу қабілеті бетіне көрінбей, төмен жақта жататын мәнді түсіну негізінде құрылады. Нашар идеялар, «жартылай идеялар» кіріс ақпаратын қате түсінген кезде пайда болады. Сіз кіріс ақпаратын бұрмалап жібересіз. Осыдан соң, әлбетте, бұндай сынық телефоннан көкейге қонымды ештеңе шықпайды.
Кіріс идеяларды көбейте беруге тырысыңыз, бірақ әуелі олардың мән-мәйегін түсінуді үйреніңіз. Күн астында жаңа ештеңе жоқ, деген екен Сүлеймен. Жаңа идеялардың жоқ болғанындай. Бір ескі идеядан екі жаңа идея түзетін адамдар ғана бар.
Қорытынды
Клод Шеннон тумасынан кемеңгер болған жоқ. Бар болғаны, әрқайсысымыз пайдаға жарата алатын қағидаларды түсіне білді. Негізгіні көру үшін ұсақ-түйектерді алып тастаңыз. Мәселені шығармашылық тұрғыдан шешудің ең жақсы тәсілі — оған басқа жағынан көз салу. Барынша көп идеяны ескі идеялардан алып, шығара беріңіз. Солардың арасынан жауһарлары — қиындықтарды еңсеріп, проблемаларды бір жақты қылуға және алға жүруге мүмкіндік беретін ең озық нұсқалар — алдыңыздан шығады. Сіздерге осындай жауһарлардың көптеп кездесуін тілейміз!
Дереккөз: bilim-all.kz