Келін болуға дайынсыз ба?

Келін болуға дайынсыз ба?
Фото: vk.com

Қыз баласы болып дүниеге келгендіктен бой жетіп, босаға аттауға қадам жасайтын кезде әлі де дайын емес сияқты сезінесіз. Бойыңызда қобалжу басым болады. Сондықтан психологтың кеңесіне құлақ асыңыздар.

  • Өзіңізді сыйлаңыз, сонда ғана өзгелерді де сыйлайтын боласыз.
  • Еріңізді жақсы көре отырып еркелетіңіз.
  • Енеңізді ана орнына қойыңыз да жақсы көріңіз. Сіздің де анаңыз кейін келіннің қабағына қарайтын болады.
  • Жақсы енені жаман келін жер қылады, Жақсы келін жаман енені ел кылады.
  • сыпайылық
  • мейірбандық
  • адалдық
  • сезімталдық
  • еңбекққорлық
  • жауапкершілік
  • ашық қабақтылық
  • дәмді тамақ әзірлей білу
  • өтірік айтпау
  • өз ер азаматына деген қамқорлығы

Әрбір қыз бала бойжетіп, әке-шешенің аясында бұлғақтаған дәуренін қалдырып, басқа бір елге келін боп түсіп, келіншек атанады. Өз шаңырағын көтеріп, үй мен шаруаға иелік етіп, түтін түтетеді, ана болып, өмірге перзент әкеледі. Жар құшып, ана болу - қыз баланың мақтанышы әрі бақыты. Бұған, әсіресе, әке-шешесі қуанады.

Автор: ҚР «Қазақ психологиялық қоғамы» бірлестігінің мүшесі, психолог Балжан Нұрғалиқызы Қанапияева

Анабол.кз

Р. Роза