- Негізгі бет
- Психология
- Кедейліктің 4 себебі...
Кедейліктің 4 себебі
Бұл мақала сіздің кедейлік туралы ойыңызды өзгерте алады.
Кедейліктің қайнары қайда? Бұл қаншалықты біздің өз ішімізде болуы мүмкін? Бизнес-тренер әрі танымал лектор Наталья Грэйс кітаптарының бірінде бұл сұрақтарға жауап беріп көріпті. Ол Кедейліктің Генетикалық Заңы бар екеніне сенімді. Адамның өзін кедейлікке үйретіп қоятынының 4 себебі бар екен.
Cluber.com интернет басылымы осы төрт фактормен танысып, өзгелерге де оқуды ұсынады. Бұл мақаланы біз де аударып беруді жөн көрдік.
1. Менталитет
Бала кезімізде сыныптастарымыздың үйінде диван үстінде жиі секіретін едік. Бұл үлкендер көріп қойғанша жалғасушы еді. Оның бетіне шығардай болып тұратын серіппелері ұнаушы еді. Біз секіргенде шығатын шаңына да қызықтап қараушы едік. Кейін 20 жыл өткен соң құрбымның үйіне барғанда сол бір ескі диванды көріп, таңғалғаным бар.
Диван еш өзгермеген қалпы тұр екен. Бірақ мен бұл үйдегі ескі заттарды көріп, кейделік белгісіне қарап, аузымды аштым да қалдым. Сосын жаңа диванның, ескірген орындықтардың, сынығы шоколад қорабымен жабылған айнаның қанша тұратынын ойландым. Әңгіме барысында ойша үйдің төбесін ақтап, қабырға қағаздарын ауыстырып жатқанымды елестеттім. Шыбын ізі қалған терезені жуып, диваннан шығып тұрған ағаштар мен картондарды лақтырғым келді. Шұлықпен байлап қойған сынық гүл құмырасын да тастағым келді. «Ақшасы аз болса ше?» деген ойға тоқтадым. Десе де, миым оған қарсы шығып, дастархан бетіне ең арзан жапсырма қағазды алып жабыстыруды ойлап жатты. Қайда қарасам да сынған, ескірген, бүлінген затты көрдім.
Сонда маған миым былай деді: «Қалай ойлайсың, неліктен кедейлік пен ластық бірге жүреді?» Енді бұл сұрақты мен сіздерге қоямын.
Ластық – бұл ақшасы жоқтықтың емес, менталитеттің белгісі. Ойланып көріңіздер: ластық – бұл тиісті менталитеттің ғана белгісі ғой. Және ластық пен кедейлік көршілес болғандықтан, бұл өзіндік менталитет.
Кедейлік – жуылмаған баста
2. Ұсақтық (Мещанство)
Мектепте әдебиет пәнінен сабақ беретін керемет ұстазым болды – Тамара Григорьевна. Ақылы көп әрі зерек әйел болатын. Оның бір сөзін мен ешқашан да ұмытқан емеспін. Біреу «Ұсақтық (мещанство) деген не?» деп сұрақ қойғанда ол кісі былай деп жауап берді: «Ұсақтық (мещанство) – бұл сервантта жаңа шыныаяқ тұрғанда ескі шыныаяқпен ішу». Орыстарда ақша қара күнге (черный день) сақтаулы, ал ақ күнге (белый день) шыныаяқ сервантта сақтаулы, тек ақ күн сирек туады, ал қара күн түгел өміріңе айналады деген түсінік бар. Болашақты күтумен өмір сүретін адамдар үшін ол күн ешқашан да тумайды. Сонда мен кедей болу және лас болу ұят екенін түсіндім. Тұрмыс салтыңда және балаларыңда байқалатын кедейлік менталитет өте ұят.
Болашақты күтумен өтетін өмір күйзеліске әкеледі
3. Золушка комплексі
Саяжай сатып алу үшін жиырма жыл бойы ақша жинаған бір әйелді білетінмін. Өзі екі бірдей қызын асырайтын. Қыздары кедейлікті көріп өскен. Бірде үлкен қызы тізесі шығып кеткен ескі вельвет джинсымен көшеге шығуға ұялатынын айтқан болатын. Өзі өсті, өзімен бірге шалбары да өсті. Балағы сантиметрлеп қысқара берді. Мүмкін орыстың «Кедей өзін-өзі ақтауға дайын тұрады» («Голь на выдумки хитра») деген сөзі осыдан шыққан шығар.
Мемлекеттің жақсы ақша табуға жағдай жасамай жатқанын айтпай-ақ қояйық. Мемлекеттік жүйеге емес, бастағы шірік ойға қарсымын. Аз ғана ақшаға кедейге ұқсап та, байға ұқсап та киінуге болады. Анасы әйтеуір саяжайды сатып алғанда қыздары оған ешбір қызығушылық танытпады, оның орнына нағыз әйел болуды үйретпегенін бетіне басатын болды. Қыздарда золушка комплексі пайда болды. Олар ескірген орындықты, сынған ыдыс-аяқты, сөгілген орамалды, жеті жыл бұрынғы пальтоны көріп өскендіктен өздеріне ақша жаратудан қорқатын болды.
Олар әлдене сатып алған сайын көңіл-күйлерін түсіретін. Тіпті бір өздерін жаңа киімге лайық еместей көретін. Бұл – генетикалық кедейлік деп аталады. Бұл олардың санасына, қаны мен сүйегіне сіңіп қалған.
Өзіңізге киім қимау cізді кедей етеді
4. Сананың бағдарлануы
Кедейлікті көріп өскен балалар бейсаналы түрде кедейлік өмірге дағдыланады. Оның қиындығын бала бозбала-бойжеткен жасқа жеткенде көре бастайды. Антон Павлович Чеховтың өзі ескірген қабырға мен ластанған дәліз студенттің оқуға деген мүмкіндігіне кері әсер ететінін айтқан. Ластық пен кедейлік адамды тоқыратады. Ал нашар тұрмыстың көрінісі жолы болмайтын адам ете түседі.
Сіздер кедейлік көрген адам көп ақша табуға ұмтылады деп, маған қарсы шығуларыңыз мүмкін. Бірақ кедейлік тауқыметін көріп өскен адамдардың көбісі орта жолда өздерін жоғалтып алады. Бақытсыздық пен кедейлік жақын сөздер. Бақытсыздықтан аулақ болыңыздар. Кедейліктен арылыңыздар. Маған «Байлық – ақылдың күйі» («Богатство — это состояние ума») деген сөз ұнайды. Сол сияқты, кедейлік те – ақылдың күйі.
Байлық пен кедейлік – сіздің ақылыңыз бен ойларыңыздың күйі.
Ал сіз кедейліктің 4 генетикалық себебі барына келісесіз бе?
Н.Грэйстің «Грэйс заңдары» кітабы бойынша
Дайындаған: Ардақ Құлтай
Сурет: motiway.com, cluber.com
А. Құлтай