Кедей адам – жанаяр

Кедей адам – жанаяр
Фото: Look.com.ua

Бай боламын десеңіз, төмендегі жеті әдеттен арылғаныңыз абзал.

1. Жанаярлық

Кедей адамның көбі жанаярлар екенін білесіз бе? Өз тағдырына өзі налып, «менің тағдырыма баю жазылмаған» деп айтудан еш жалықпайды. Қажырлы еңбек ешқашан сізді аш қалдырмайтынын ұмытпаңыз.

2. Сараң болу

Әрқашан жеңілдігі бар затқа жүгіру, акция уақытын күтіп, ақшасын артық шығармау, сондай-ақ, балаларынан да ақша аяп, сапалы білім беруін шектеу адамды жақсылыққа жетелемейді. Сараңдықтың сара жолы сізді кедейліктің дара жолына түсірмесін.

3. Ұнамайтын іспен айналысу

Мамандығыңызды сүйесіз бе? Егер ол сізге ұнамаса, өмірдегі ең үлкен кедергі осы болмақ. Күн көру үшін ғана амалсыз шұғылданатын ісіңізді қойып, жаныңыз қалаған кәсіппен айналысыңыз.

4. Жұмысыңыздың нәтижесі тек ақшада емес

Қалтасына ақшасы түссе, масаттанып жүретін адам ұзақ уақыт бақытты бола алады деп ойлайсыз ба? Табысты басқа құндылықтармен өлшейтін адам кедейшіліктен аулақ болмақ.

5. Ақшаны орынсыз жұмсау

Табысты адамдар әр ақшаның жұмсалатын орнын жақсы біледі, мақсатсыз қаржы шығындау – тек өз қалтасын ортайтқысы келетіндердің ісі.

6. Жылдам пайдаға кенелу

Әп сәтте мол пайда көремін деу – кедейлерге тән қасиет. Ертең қолыңызға түсетін ақшаны ойламаңыз, бес жылдан соң қандай деңгейге көтерілетініңізге көбірек бас қатырыңыз.

7. Көп шағым айту, әрдайым өзін өзгемен салыстыру

«Өмір қиындап кетті», «күн көру мүмкін болмай қалды» деп кімдер көп айтатынын білесіз бе? Кедейшіліктің алдында тұрған адамдар. Бәрі сізге байланысты. Өз-өзіңізді қолға алыңыз.

Өзіңізді өзгемен салыстырудан аулақ болыңыз, «ол менен ақылдырақ, ертең барып, мықты жұмысқа орналаса алады, ал мен... » деген секілді мысық ойларға жол бермеңіз.  

Дереккөз: kazdala.kz

Р. Роза