Қазақстандағы қыздардың 80 пайызы 25 жасқа дейін тұрмыс құрады

Қазақстандағы қыздардың 80 пайызы 25 жасқа дейін тұрмыс құрады

Қазақстанда 2011 жылы тұрмыс құрғандардың орташа жасы 24,3 жас болыпты. Бұл мәлімет Қазақстанның статистика Агенттігінің зерттеулерінен белгілі болды.

Ал үстіміздегі жылы 20 жасқа дейін тұрмыс құрған қыздардың саны 33,1 мың болған екен (24,4 пайыз). Жалпы нәзік жандылардың 58,8 пайызы (75,7 мың) 21-25 жас аралығында отбасы құрыпты. Ал 26-дан асқан қыздардың тұрмыс құруының үлес салмағы 19,8 пайыз (26,9 мың).

Агенттіктің мәліметтері бойынша, соңғы жылдары келіндердің орташа жасы өспеген. 

Тағы да айта кетерлік нәрсе мынау. Елімізде жылына шамамен кәмелеттік жасқа толмаған 3 мың қыз отбасы құрады екен. Әйтсе де бұл азаматшалар некелерін заңды түрде тіркей алмайтындығының себебінен нақты көрсеткіш бұдан да көп болуы мүмкін.

сурет: mobilmusic.ru