Қазақстан әйелдеріне бақытты болу үшін не жетпейді?

Қазақстан әйелдеріне бақытты болу үшін не жетпейді?

Сауалнамаға қатысқан әйелдердің 24 пайызы үшін толық бақытты махаббат жетпейді екен. Өмірге келген соң, жұп іздеу заңды құбылыс, әрине. Махаббатсыз өмірді мәнсіз елестетін мұнша пайыз әйелдер қауымы махаббат жоқ жерде бақыттың болмайтынын айтыпты.

«Бақыт ақшада емес» деп айтатын да өзіміз. Бірақ сауаланамаға қатысушы нәзік жандылардың 23,5 пайызы бақыттың ақшамен тікелей байланысты екіндігін дәлелдепті. Демек осынша арудың бақытты ғұмыр кешуіне байлық жетіспейтін болып шықты. Әйткенмен, байлыққа қанша мастанса да, бақытсызбын деп басын тауға да, тасқа да ұрып жылап жүрген талай ауқаттылар да жүр емес пе?..

Сүйікті кәсібі мен мамандығы болмағасын өзін 9,5 пайыз әйел заты бақытсыз санаса, 4,5 пайызына жақсы дос пен зор денсаулық жетіспейтін көрінеді.

Ал өзінің сыртқы болмысына көңілі толмайтын, бақытсыздықты сұлу еместігінен іздейтін арулар да жоқ емес. Олар сауалнамаға қатысушы топтың 1 пайызын құрапты. Әйткенмен, басқа елдің сымбаттылары мен қымбаттыларының ең бас ауыртатын мәселесіне айналған бұл жайт біздің қазақстандық әйелдердің жанына онша бата қоймайды екен.

Бақыт туралы сұраққа жауап беруден қашқан арулардың да санын көрсете кетсек жөн болар. Олар 4 пайызды құрайды.

Өздерінің өмірлеріне дән риза жандар да жоқ емес. Осы сауалнамаға ерінбей жауап берген арулардың 21 пайызы өзінің бақытты екендігін айтқан.

Ал сізге толық бақытты болу үшін не жетпейді?

 

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Сурет: facebook.com

А. Әбілхан