Қазақ жастарын жігерлендіру

Қазақ жастарын жігерлендіру

АҚШ-та жастарды бәсекеге қуатты болу үшін 2011 жылы арнайы қысқа фильм жасаған. Бұл қысқа фильмде адамды қайран қалдыратын бір топ мәлімет бар. Бұл фильм Америка жастарын бүгінгі ақпарат дәуірінде уақыттың қадірін білуге шақырған. Ендеше, сіз де естіп көріңіз:

  • Егер сіз Қытайдағы миллиондаған адамдардың арасындағы ең қабілетті, ақылдысы болсаңыз, онда сіз өзіңіз сияқты тағы 7000 қабілетті, ақылды адамға тап болдыңыз деген сөз. Қытай жақын уақытта әлемдегі ағылшын тілінде сөйлейтіндер саны ең көп мемлекетке айналады. Үндістанда зейін қуаты жағынан алдыңғы қатарда тұратын 25% кісі бүкіл АҚШ тұрғынынан көп, демек Үнді жұртындағы тума талантты балалар Америкадағы барлық балалардан көп.

  • 2010 жылы сұранысқа ең көп ие болған мамандықтар 2004 жылы әлі дүниеге келмеген еді. 2010 жылы АҚШ-тағы жаңадан шаңырақ көтергендердің 1/8 бөлігі ғаламторда танысқандар екен. Дәл осы жылы әлеуметтік желі MySpace-қа тіркелгендер саны 200 миллионға жетті. Егер біз MySpaceе әлеуметтік желісін бір мемлекет ретінде қарастырсақ, онда ол адам саны жағынан әлемде бесінші орында тұрады (Индонезиядан кейін, Бразилияның алдында). Ғаламтормен қамту салыстырмасы ең жоғары елді мекен ретінде Бермуд аралдары болса, Америка 19-ыншы, Жапон жұрты 20-орында тұрады.
  • 50 миллион аудиторияға ие болу үшін радиоға 38 жыл, телевидениеге 13 жыл, хабар-байланыс операторлары үшін 4 жыл, iPad үшін 3 жыл, ал, facebook үшін 2-ақ жыл уақыт кетеді. 1984 жылы әлемде ғаламторға шығу аппараттарының саны 1000 дана еді, 1992 жылы бір миллионға жетті, ал 2008 жылы бұл сан бір миллиардтан асып жығылды.
  • Қазір ағылшын тілінің сөздік қоры шамамен 540 мыңнан асады, ал бұл сан Шекспир дәуіріндегімен салыстырғанда бес есе көп. Мөлшерлеуге назар аударсақ, «Нью-Йорк таймс» газетінің бір аптадағы мазмұны 18 ғасырдағы адамдардың өмір бойы оқитын кітаптар немесе журнал тектес материалдарынан көп екен. Ғылым мен технология материалдары мен ақпараттары әр екі жылда бір есе артады, бұл дегеніңіз техникалық мамандыққа түскен талапкердің бірінші курста оқыған дүниелері 3 курста көне дүниеге айналуы мүмкін деген сөз.
  • Жапонның NTT компаниясы 2011 жылы секундына 41 мегабайт ақпарат өңдей алатын оптикалық миды жасады, ол әр алты айда үш есеге артып отырады. Дәл осылайша, ол 20 жыл бойы артып отыруы мүмкін. 2013 жылы оның қуаты адам миының икемін басып түсті.
  • Сіз дәл осы фильмді қарап отырғанда, АҚШ та 67 нәресте, Қытайда 274 сәби, үнді жұртында 395 бала өмір есігін ашады. Ендеше, бұл үрдістің неден дерек беретіні жайлы ойланып көріңіз!

 

Дайындаған және видео авторы: Мейіржан Әуелханұлы

Сурет: picnic.com

M. Auelkhan