Адам психологиясының сырларын ұғудың шегі жоқ. Ғалымдар айтуынша, адамның өмірге келген күні тұрмақ, уақыты, сол күннің ауа-райы оның болашақ тағдырына әсер етеді екен. Тексеріп көріңіз!
Сағат 24.00-ден түнгі 2.00-ге дейін білімге құмар адамдар дүниеге келеді.
Сағат 2.00-ден таңғы 4.00-ге дейін нағыз жұмыскерлер, өз ісінде сәтті адамдар туылады.
Сағат 4.00-ден 6.00-ге дейін тура мінезді, жігерлі жандар дүниеге келеді екен.
Сағат 6.00-ден 8.00-ге дейін рухани дүниесі бай арманшыл жандар туылады.
Сағат 8.00-ден 10.00-ге дейін гуманистер мен көпшіліктің көңілінен шығатын сүйкімді адамдар дүниеге келеді.
Сағат 10.00-ден 12.00-ге дейін тәкаппар, мансапқор адамдар туылады.
Сағат 12.00-ден 14.00-ге дейін өмірін шытырман оқиғаларға толтырғысы келетін, батыр азаматтар дүниеге келеді.
Сағат 14.00-ден 16.00-ге дейін қиындықтардан қорықпайтын жандар туылады.
Сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін ерекше мейірімді, қайырымды адамдар дүниеге келеді.
Сағат 18.00-ден 20.00-ге дейін рухы мықты жандар туылады.
Сағат 20.00-ден 22.00-ге дейін "жұлдызды" адамдар дүниеге келеді.
Сағат 22.00-ден 24.00-ге дейін ішкі дүниелері бай, өмір бойынша философтар туылады.
Ал сіз қандай уақытта дүниеге келдіңіз?
Дайындаған: Сания Аринова
Сурет: wall-paper3.blogspot.com