Қай стақанды таңдайсыз? (психологиялық тест)

Адамдардың көбісінің өзі үйреніп қалған сүйікті стақаны болады. Тіпті өз стақаны болмаса, шай ішпейтін адамдар да бар. Бұл тестте сіздерге басқа стақандар ұсынамыз, бұл төртеуінің қайсысы сіздің сүйікті стақаныңызға айналуға жарайды? Осы тест сіздің жақсы-жаман жақтарыңызды ажыратып береді.

1-стақан

Сіз үзілістен қорқатын адамсыз. Сізге өткеніңізге қарап ойланған ұнайды, сағынышпен еске алар естеліктеріңіз көп. Тағдырыңыздың иесі – өзіңіз. Өткенмен өмір сүруді қойыңыз. Қолда бардың қадіірн біілп, бағалаңыз.

2- стақан

Сіз – өмірге құштар жансыз. Адамдардың тек жақсы жағын ғана көресіз. Ренжіткен жандарға да өкпе артып жүрмейсіз, ұмытып кетесіз. Сіз үшін достықтың құны бәрінен жоғары. Екеуден екеу болып романтикалық кеш өткізгенге қарағанда, қуанышты достармен улап-шулап атап өткенді қалайсыз.

3-стақан

Сіз өте жан-жақты тұлғасыз. Сізді идея генераторы деуге де болады. Бірақ кейде өзіңізбен өзіңіз тұйықталып қаласыз. Адамдарға сенім білдіре бермейсіз. Бірақ бұл қылығыңыз кері әсер етуі мүмкін.

4-стақан

Сіз ешкімге есе жібермейсіз. Көмек сұрап келген адамды құр қол қайтара алмайсыз. Астыңыздағы соңғы атыңызды сойып беруге барсыз. Мұны әлдекім кемшілікке балауы ықтимал. Алайда сіз одан пайда болмаса, зиян шеккен емессіз.