Қай лабиринтті таңдайсыз? (психологиялық тест)

Қай лабиринтті таңдайсыз? (психологиялық тест)
Фото: esquire.ru

Адам өмір бойы өзін өзі зерттеумен өтеді. Кейде ішкі әлемімізге үңілгенде өзіміздің кемшін тұстарымызды көру қиынға соғып жатады. Ал адам өзін толық танымаса, бойындағы әлсіздіктерді жеңбесе, тұлға болып қалыптасуы қиын. Мұндайда сізге психологиялық тест көмекке келеді. Суреттегі төрт лабиринттің бірін таңдап, өзіңіз туралы мәлімет алыңыз.

1-лабиринт
Сіз үнемі барлығын кейінге шегеріп қоясыз. Тіпті қате қадам бассаңыз да, оны ешқашан мойындамайсыз. Ешқандай мәселеге мәселе деп қарамайсыз. Алайда мәселе үстіне мәселе жинала берсе, оның шешімін табу да күрделене түседі. Осылай жалғаса берсе "мәселелер сақталатын жәшігіңіз" де толып, ішіне ештеңе сыймай кетеді. Кез келген жағдайды уақытылы шешіп отыруға дағдыланыңыз. Одан бөлек сіз өте сезімтал жаратылыссыз. Көп нәрсені жүрекке жақын қабылдамауға тырысыңыз, сонда өзіңізге жеңіл болады.

2-лабиринт
Сіз шешім қабылдауда осалдық танытасыз. Мұны өзіңіз де байқамайсыз. Мәселе сіздің өткен шағыңызбен байланысты. Әлдекім өзіңізге деген сенімділігіңізді төмендеткен, сол себепті бойыңызда осындай кемшілік қалыптасқан. Қазір бір шеңбер бойымен ғана айналып, ары аса алмай жүрсіз. Үнемі өзіңізге ұнамайтын нәрсені таңдайсыз. Араласатын ортаңызды да өзіңіз шеше алмайсыз. Іште бір күш бұлқынып жатыр, бірақ оны сыртқа шығаруға дәрменіңіз жетпейді. Барлығын өзіңіз саралап, сараптайтын күйге жетсеңіз кемшіліктерден арыласыз.

3-лабиринт
Үнемі барлығын өз тұлғалық қасиетіңізге әкеп тірейсіз. Кез келген іс, әңгіме, ойлар, болып жатқанның барлығын өзіңізге қабылдайсыз. Сыртқы ортадағы сөздерді жайбарақат тыңдай алмайсыз, атыңызға айтылған сынды да қабылдай білмейсіз. Бұл қасиет сізді көп мәселеге душар етеді. Өзіңіздің шынайы бейнеңізді де қабылдау қиынға соғады. Өз эгоңызды шектеп, қоршаған ортаны тыңдауды үйреніңіз. Өзіңізді өзгеге ренжітуге жол бермеңіз, сөйте тұра олардың пікіріне құлақ асыңыз.

4-лабиринт
Сіз үшін тәуекелге бел байлау – қиынның қиыны. Тек өз жан қалауыңыз бойынша өмір сүресіз. Ішкі әлеміңіз бір өзгерісті қалайды, дегенмен оған да тәуекел ете алмайсыз. Кез келген өзгерісті, ұсынысты қорқа-қорқа тыңдайсыз. Оның зардабы өмір бойы алдыңыздан шығып отырады. Сондықтан кей-кейде болса да батыл шешімдер қабылдаудан қорықпаңыз.

@. @assel_assanova