Соңғы уақытта soft skills (адамдармен қарым-қатынас орната білу дағдысы) hard skills (кәсіби білім мен мамандандырылған дағды) жиынтығына қарағанда маңыздырақ деген болжам жиі айтылып жүр. Дегенмен, оған нақты дәлел мен дерек келтірілген емес.
Ал, бұл пайымдауды расстауға тырысатын адамдар soft skills жақсы дамыған адамдардың жетістіктерін алға тартады. Жетістікті қаржылық деңгейімен өлшейтіндердің саны жеткілікті. Дегенмен, қаражат барлығы үшін жетістіктің басты критерийі емес екендігін де мойындау керек.
80-жылдардан бастап «мектепте үйренгеніңді ұмыт» атты мотивациялық түсініктер қалыптаса бастады. Өйткені, құр білім мен кәсіби дағды адамды кедейшіліктен алып шығуға қауқарсыз болатын. Кеңес Үкіметі кезінде hard skills маңызы жоғары еді және онсыз қызметке орналасу да қиын болатын. Сондықтан, әлі күнге дейін кеңестік тәрбие алған ата-ана үшін университеттен білім алу өзекті әрі «оқымасаң, көше сыпырасың» деп тәрбиелейтіндер де жеткілікті.
Дегенмен, соңғы уақытта оның бәрі кейінгі қатарға жылжып, орнын өзге дағдылар алмастырды. Бұл «Неге үшке оқығандар беске оқығандардың бастығы болады?» деген сауалдың жауабымен түсіндіріледі. Адамдармен қарым-қатынас бәрінен де маңыздырақ.
Одан бөлек, кәсіби дағдылар технологияның өзгеру қарқынына ілесе алмай келеді. Нақты академиялық білім ғылыми және өндіріс салаларында керек болса, сатылым, маркетинг және PR секілді салаларда кәсіби біліктіліктен бұрын, адамдармен дұрыс қарым-қатынас орната білу маңыздырақ.
Сонда, hard skills аса маңызды емес пе?
Жоғарыда аталған пайымдаулардан соң hard skills керек дегенге күмәнмен қарай бастайтыңыз анық. Дегенмен, soft skills — бұл сөйлесу мәдениеті. Егер бұл мәдениет түрі жетістікке кепілдік бермегенде, бізде оны үйренудің қажеттілігі туындамас еді. Бірақ бұл hard skills маңызын жоққа шығармайды. Бұдан білім жүйесі екі дағдылар жиынтығының маңызынан туындайтынын түсіндіреді. Шахмат, математика, тілдерді білгеннен ешкім жамандық көрген емес, бірақ, адамдармен араласуға келгенде таяқ жеп жататынымыз анық.
Сондықтан, білім алу барысында soft skills жиынтығын жетілдірсек, мансап жолында ғана емес, тұрмыста да жетістікке жетуге септігін тигізіп, бақыт индексін көтеруге мүмкіндік беретіні анық.