Екі адам арасындағы қарым-қатынас — үлкен еңбекті керек ететін ауыр жұмыс. Кездесіп, ғашық болып, бірге болуға шешім қабылдаған сәтте бәрі оңай көрінгенімен, уақыт өте келе адамдар "шыныдай" нәзік байланысты сындырып алып жатады. Бір-бірін сөзсіз түсінетін жандар да, ол деңгейге жеткенше талай еңбектенеді. Бүгін ер мен әйел арасындағы қарым-қатынасты нығайтатын 5 ерекшелікті атап өтетін боламыз.
1. Өзіңізге адал болыңыз.
Шынымен бақыттысыз ба деген сұраққа шынайы жауап беріңіз. Физикалық, эмоциялық және рухани тұрғыдан өзіңізді жайлы сезінесіз бе? Әйел адамдар қарым-қатынас үшін өзін құрбандыққа шалуға дайын. Дегенмен, екі адам бар мәселесін ашық айтпай, арадағы қиындықтар тек ушыға береді. Сол себепті өз сезіміңізге адал болыңыз. Өзіңізді алдаудан аулақ болғаныңыз жөн.
2. Қызғанышқа жол бермеңіз.
"Қайдасың?", "Қасыңда кім бар?" деген сұрақтар қарым-қатынасқа сызат түсіреді. Бұндай қызғаныш кезінде сезім махаббаттан тәуелділікке өтіп кеткенін білгейсіз. Қызғаныш адамды ұстап қалуға мүмкіндік бермейді. Оның орнына, екінші жартыңызға сеніп, өзіңіз үшін қызықты жұмыс тапқаныңыз абзал.
3. Өзіңізді жақсы көріңіз және бағалаңыз.
Көптеген әйел адамдар жарының көңіл бөлмей кеткеніне шағымданады немесе бойжеткен қыздар махаббатта жолы болмай жүргенін айтады. Оған себеп қыздың өз-өзіне сенімді бола алмауы. Өзімізді қалай жақсы көрсек, біз сондай махаббатты өзімізге тартамыз. Өзің іштей жеп жүріп, өзгелерден жақсы қарым-қатынас күтуге болмайды. Өзіңізді қабылдаңыз және күтім жасаңыз. Сонда ғана қарым-қатынасты сақтап қала аласыз.
4. Мәселеден қашпау
Ешкім ұрыс-керісті жақсы көрмейді. Бірақ ұрыстан қашу — кейде арадағы мәселеден қашу. Оның арты жақсылыққа алып келмейді. Реніш-өкпе ішке жиналып, жек көрінішке айналады. Оның орнына іштегі сезімді ашық айтқан жөн. Мүмкін ол өзінің кей әрекетінен бейхабар, ол үшін күнделікті тірлік болуы ғажап емес. Мәселені екі жақты сараптама жасамай, шешу мүмкін емес.
5. Оны өзгертуге тырыспаңыз
Басында қалай жақсы көрдіңіз, сол күйінде қабылдағаныңыз абзал. Өйткені, әбден үйренгеннен кейін көптеген жұп арасында кикілжің бір-бірін өзгертуге тырысудан туындайды. "Арықтатып аламын, видео ойындарды қойдырамын, енді ұзын киетін болады". Бұл — махаббат емес, эгоизм.