- Негізгі бет
- Психология
- Қарым қатынасты бұзатын...
Қарым қатынасты бұзатын ойлар
Жігіт пен қыз арасындағы қарым-қатынаста үйлесімділікті сақтап тұру оңай емес. Араларыңыздағы сенім мен сыйластыққа сызат түспес үшін жаман ойлардан арылып, тек жақсылықты ойлаңыз.
«Көзқарастарыңыз үнемі сәйкес келуі керек». Бұл өте қате пікір. Өмірлік сабақтар, тәрбие, білім әртүрлі болды. Серіктесіңізді сізді қайталап отырғанша, өміріңізге әртүрлілік енгізсе, несі жаман? Ал әрқашан менікі ғана дұрыс дей берер болсаңыз, өміріңіз билікке таласпен өтеді. Отбасындағы билік қымбат па, сыйластық па?
«Дау тумауы тиіс». Бұл да қате тұжырымдардың бірі. Өз пікіріңізді айтып, оның қай қылығы ұнамайтынын да түсіндіріңіз. Пікірталастың пайдалы тұсы да бар. Тек мәселені шешкенде жұбыңыз ренжімейтіндей жеткізіп, әңгімені ұрысқа апармауға тырысыңыз.
«Әр күн бақытқа толы боулы керек. Олай болмаса, тек ол кінәлі». Кез келген сәтсіздікке жігітті кінәлай берсеңіз, бірнеше айқаста жеңе тұра, соңында ойсырата жеңілуіңіз мүмкін. Сіздің арқаңызда балалар жақсы оқиды, достарыңыз кез келген уақытта қонаққа келе алады, ошақтың оты мәңгі маздайды. Тек сіз түймедейді түйедей етпей, болмашы қиындықтарға көз жұма біліңіз, сонда бәрі жақсы болады.
@. @assel_assanova