- Негізгі бет
- Психология
- Қарым-қатынасты бұзатын 9...
Қарым-қатынасты бұзатын 9 стереотип
Бәріміз қоғамда қалыптасқан шаблондарға сәйкес өмір сүреміз. Әрине, стереотипке сүйеніп өмір сүру тұратын елге, білім деңгейіне немесе діни жағдайына да байланысты. Бірақ біз барлық стереотипте мінез ерекшеліктері мен ақыл-ой қабілеттерінен бастап, мамандықтары мен киіну тәртібіне дейін "әйел" және "еркекке" жіктеу бар. Соның ішінде қарым-қатынаста да дәл сондай таптауырындар бар. Кейде олар кедергісін келтіру мүмкін.
"Сыртқы келбет бірінші орында".
Сұлулық стандартын жасайтын өзіміз. Ер адамдар "маймылдан сәл әдемі болса" болды деген тараған пікір де бар. Қарым-қатынастың басында "әйел не ер азамат сырт-келбеті қалай көрінуі керек" деген сұраққа өзімізше жауап береміз. Әйелдер макияждың дәрежесі мен сапасына, салмағына, күтімге мән берсе, ер азамат стандарттан ауытқымаса болды деп есептеледі. Шын мәнінде қарым-қатынаста екі жас бір-бірін сөзсіз түсінсе, сырт келбет екінші орынға шығады. Тіпті стереотипті кемшіліктердің өзі сүйген адамға ерекшелік ретінде көріне бастайды.
"Барлық әйел ана болуды армандайды".
Аналық инстинкт деген түсінік болғанымен, барлық әйел баласы ана болуды армандай бермейді. Олардың арасында өмірге бала әкелуді қаламайтындар да бар және бұл тек әйелге қатысты емес. Ер адамдардың арасында да әке атанып, ұрпақ өсіруді қалайтындар немесе өле-өлгенше жарымен ғана өмір сүруді таңдағандар да болады. Дегенмен қоғамда ана болу әйелдің мақсаты, бүкіл өмірлік парызы ретінде қабылдағандықтан, олардан "қаламаймын" дегенді естігісі келмейді.
"Ер адамға тек төсек , ал әйелге махаббат керек".
Дәлірек айтсақ порнографиялық видеолар ер азаматтар үшін жасалады, ал қыз баласы романтикалық кітаптар оқуы тиіс. Оның үстіне ер адам сүйіп білмейді деген ұғым да бар. Ер адамда да, әйел адамда да барлық сезім бірдей қызмет атқарады. Махаббат дегеніміз мидағы химиялық үрдіс екенін ескерсек, ер мен әйелдің ми бөлігі қатар жұмыс істейді. Тек қоғамдағы стеоротиптен арылу үшін ер адам өз сезімін, ал әйел төсектегі қалауын ашық айтып үйренуі керек.
Әйелдер жұмбақтап сөйлейді, олардың "жоқ" дегені "иә"-ні білдіреді.
Бұл стереотип көптеген мәселенің туындауына себеп. Оның қалыптасуына ежелден келе жатқан қыз баласы жұмбақ болуы керек, ер адам табиғатынан "аңшы", оңай түскен олжаны жақсы көрмейді деген пікірлер себеп болса керек. Есесіне өз ойын ашық айтпайтын қыздар мен "жоқ" дегенді қабылдап білмейтін ер азаматтар көбейіп кетті. Сол үшін қарым-қатынастың алғашқы кезеңінде жұбыңызға ашық ойын білдіруді өтінгеніңіз абзал.
Қыздарды тек қалталы азаматтар қызықтырады.
Есеп бойынша бас қосу деген идеяны естіген бойда шошынып қалатын әдетіміз бар. Бірақ айналып келгенде адам күні адаммен. Қыздар қалталы азаматтардан гөрі, өзін жайлы әрі қауіпсіз сезінетін адаммен бірге болуды жөн санайды. Қауіпсіздік дегеніміз қолдау мен қорғаудан бөлек, баспана мен алаңсыз өмір. Тұрмыстағы қиындықтар, соның ішінде қаржылай қиындық отбасылық өмірдің шырқын бұзады. Қыз баласы алғашқы кездескенде сіздің байлыққа емес, жігіттің амбициясына мән береді.
Барлық қыз баласы тұрмысқа шығуды армандайды.
"Қыз мұраты - кету" деп тәрбие алса да, кей қыз баласы қарым-қатынасты тек отбасы құрумен шектеп қана қоймайды. Кейде қыздар қарым-қатынаста бола тұрмысқа шығудан бұрын, мансабын бірінші орынға қойып отбасылық өмірді кейінге шегеруі мүмкін. Сол үшін жұбыңызбен бұл жайында не ойлайтыны жайлы сөйлескеніңіз абзал.
Ер адам бала баға алмайды.
Дәл осындай оймен ер адамды бала тәрбиесіне қатыстырмай қоятын жағдайлар жиі кездеседі. Дегенмен әке ретінде оның да үлесі бар екенін, бала қарауға келгенде қолынан келмесе де, үйренуі тиіс екенін естен шығармаған жөн. Жары үй тірлігімен жүрген кезде немесе сыртқа шыққан жағдайда ер адам да бір уақыт балаға бас-көз болғаны дұрыс. Бұл қарым-қатынасты нығайтпаса, зиянын тигізбейді.
Әйелге отбасы, ер адамға мансап маңызды.
Ер адам табыс табушы, ал әйел үй шаруасымен ғана айналысу керек деген түсініктің бары өтірік емес. Дегенмен заман өзгерді, сәйкесінше талап та өзгерді. Бүгінде бір адамның табысына толыққанды өмір сүретін отбасылар сирек кездеседі. Сәйкесінше отағасы да, отанасы да жұмыс істеуге мәжбүр.
Ер адам рациональды ойлайды, әйел эмоциямен шешім қабылдайды.
Ер адамды эмоциясын көрсетсе, демек әлсіз. Бұл да қалыптасқан таптаурын. Соған қарамастан, екі жаратылстың да эмоцияға жауап ми бөлігі бірдей жұмыс істейтінін ұмытып кетеміз. Әйел адамның сезімтал екені жасырын емес. Бірақ ер адамның да эмоцияға ерік беретінін естен шығармау керек. Эмоцияны жасырмай көрсете білу аурудың алдын алады.