Әйел де, еркек те – адам және адамға тән махаббатқа, сенім мен сыйластыққа зәру болады. Бірақ қарым-қатынаста екі адам екі бөлек дүниені қажетсінеді. Әйел табиғатына тән қамқорлықты қаласа, еркек сүйіктісі оған сенсе дейді, оны қалай бар, солай қабылдаса дейді... Әйел мен ер адам бір-бірінің қалауларын түсінбеген жағдайда ұрыс пен араздық көп күттірмейді.
1. Әйелге – қамқорлық, еркекке – сенім қажет
Ер адам сүйіктісінің сезіміне қызығушылық танытып, оның саулығы мен амандығына әуреленетін болса, әйел де бұл қамқорлықты сезінетін болады және ол үшін ерекше, жалғыз екендігіне шек келтірмейді, - осылайша өз серігіне деген сенімі артады. Әйелінің мұндай қылықтарын көріп, ол өзіне артылған сенімді сезеді. Демек, сүйіктісінің жайлы өмір сүруіне қолынан келгеннің бәрін жасап жатқандығына сенеді.
2. Әйелге – түсіністік керек, еркек өзін қалай бар, солай қабылдасын дейді
Егер ер адам әйелдің қалауы мен арманы, ойы мен тұжырымдарын қызығушылықпен тыңдайтын болса, ол оны тындайтынын және түсінетінін сезеді. Түсіну – бұл әйелдің ойлары мен сезімдерін оймен болжау дегенді білдірмейді: бұл айтылған ойдан ақпарат алу және оны дұрыс бағалау болып табылады. Әйел адам ер адамды махаббатпен қарсы алғанда, оны түзеуге тырыспағанда, еркек те оны бар кемшілігі және артықшылықтарымен қабылдайтынын сезеді. Сүйіктісі оны мінсіз адам етуге тырыспайтынын білдіреді, бірақ ер адам мұны өзі ойланып, істейтініне сенеді. Мұндай қарым-қатынаста оған сүйіктісін тыңдау мен түсіну оңай, - ал сүйіктісіне де қажетті осы емес пе еді?
3. Әйел адамға – сыйластық, ер адамға – құрмет қажет
Әйелімен қарым-қатынаста еркек оның құқығын, қалауларын, қажеттіліктерін, ойлары мен сезімін бірінші орынға қойса, әйел өзінің сыйлы екенін сезеді. Гүл сыйлау, туған күнін ерекше атап өту және т.б. арқылы елеп-ескеріп, сыйластықты білдіру ол үшін өте маңызды. Ерінің сыйластығын сезінген әйел оған деген лайықты құрметін көрсететін болады. Ал әйелінің құрметін сезінген еркек оның зейіні бекер емес екенін көреді және барынша еселеуге тырысады. Және әйеліне деген сыйы арта түседі.
4. Әйелге – адалдық, ер адам – сүйсіпеншілікке мұқтаж
Ер адам әйел адамның қызығушылықтарын өз қызығушылықтарынан биік қойса және оны бар жағынан қолдайтынын мақтан тұтса, ол оның сүйікті болу қажеттілігін қанағаттандырады. Оның өмірінде маңызды орын алатынын сезген әйел серігіне деген сүйіспеншілігі артады. Ер адам әйелі оның бойындағы ерекше қасиетті көріп, сүйсініп жүргенін байқайды. Бұл әзіл сүйгіштік, күш-жігер, мақсатқа талпынушылық, шынайылық, арманшылдық, мейірімділік, махаббат, түсіністік болуы мүмкін.
5. Әйел адамға – мойындау, ер адамға – мақұлдау қажет
Ер адам әйел адамның сезімі мен қалауларына қарсы шықпай, қалыпты деп қабылдаса, әйел адам өзін сүйікті сезінеді. (Серігінің көзқарасын мойындағанымен өзінің жеке көзқарасы болатынын ескеру керек). Ер адам әйел адамның құқығын мойындайтынын білдірсе, ол өзіне аса қажетті мақұлдауды алады. Әр жігіт жүрегінің түбінде сүйіктісінің алдында өзін батыр сезінгісі келеді. Әйел адамның мақұлдауы ер адамның батыр болу сынағынан өткендігін және оған деген көңілі тоятындығын білдіреді. (Есіңізде болсын: ер адамға мақұлдауды білдіру әрдайым онымен келісу дегенді білдірмейді.) Мақұлдау – бұл оның іс-әрекеттерін мойындау немесе серігінің ниеті түзу екендігін қабылдау.
6. Әйел адамға – өз-өзіне сенімділігін ұялату, ер адамға – ынталандыру қажет
Ер адам әйел адамды түсінетінін, сыйлайтынын, бағалайтынын, адалдығын, қамқорлығын білдірсе, әйел адам өзін сенімді ұстайды. Ол өзін сүйікті екенін, оған керек екенін сезеді. Осылайша ер адам оның өз-өзіне сенімділігін нығайтады. Көңілі жай әйел ер адамға үміт пен ынта береді, өйткені оның мінез күшіне және мүмкіндіктеріне сенім білдіреді. Әйел адам ер адамға сенімін, құрметін, таңданысы мен қолдауын білдіріп, оны қалай бар, солай қабылдаса, бұл ер адамды жаңа белестерді бағындыруға, бұдан да биіктерден көрінуге итермелейді.
Егер махаббат саласында ер адамның барлық қажеттілігі қанағаттанса, ол өзін бар тұрғыда дамытып, жетістіктерге жетеді. Бірақ егер әйел адам оның не қалайтынын түсінбесе және махаббат-сенім білдірудің орнына, махаббат-қамқорлықты көбірек сыйласа, бұл қарым-қатынастың бүлінуіне әкеп соғуы мүмкін.
Сурет: vk.com
Дайындаған: Анар Мұстафина