- Негізгі бет
- Психология
- Қарым-қатынасқа қатысты психологиялық...
Қарым-қатынасқа қатысты психологиялық тест
Бұл тест бойынша өзіңізге ұнайтын бір отбасыны таңдауыңыз керек. Қай суреттегі отбасыға ұқсағыңыз келер еді? Таңдаған суретіңізге қарай жауабын оқыңыз.
1. Қарым-қатынаста тұрақтылық пен түсінісуді жоғары бағалайсыз. Серігіңізден көп көңіл бөлуін, зор сенім артуын, сізді түсініп әрі қамқор болуын күтесіз. Өзіңіз күтетін сезімге сай өзгелерге де үнемі қамқор болып, әр ісін қолдап отырасыз.
2. Бұл суретті таңдаған болсаңыз, сіз үшін серігіңіздің сырт келбеті өте маңызды деген сөз. Оның жанында жүргенде өзіңіз де әдемі көрінуге барыңызды саласыз. Айналадағылар не ойлайды деп жиі алаңдайсыз. Жолдасыңызға қарағанда өзіңізді көбірек ойлайсыз. Сізге жиі сыйлық беріп, көп көңіл бөлсе дейсіз. Алайда өзіңіз өзгелерге сыйлық беруге де, көңіл бөлуге де дайын емессіз.
3. Өмірлік серігіңізді таңдарда көзқарасы сізбен ұштасып жатуына мән бересіз. Қызығушылығы да сізге сәйкес келуі керек. Одан ұзақ уақыт қашықта бола алмайсыз. Барлығын бірге жасағыңыз келеді. Өзіңіз секілді ойлайтын жолдас тапсаңыз, сізге басқа дос та, құрбы да аса қажет емес. Өмір бойы іздеген нәрсені бір адамның бойынан табасыз.
4. Сіздің серігіңізге қояр талабыңыз өте қарапайым. Ішкі дауысыңызға құлақ түресіз, ақылмен саралай бермейсіз. Уақыт өте келе жаныңызда мүлдем бөтен адам жүргендей күй кешуіңіз мүмкін.
@. @assel_assanova