- Негізгі бет
- Психология
- Қартайғанда өзіңізді қалай...
Қартайғанда өзіңізді қалай елестетесіз?
Өмірдің бел ортасынан асып, қарттыққа бой алдыруды ешкім де қаламайды. Алайда сырғыған уақыт өз дегеніне көндіреді. Барлығының да әдемі қартайғысы келетіні шындық. Себебі, әдемі қартаюдың өзі бақыт емес пе?! Сіз кейде өзіңіздің қартайған шағыңызды көз алдыңызға елестеткенде, ол жаста мінезіңіздің қандай болатынын болжай аласыз ба? Егер осы сұраққа қиналар болсаңыз, жұлдыздық белгіңізге қарап, өзіңіз жайында қызықты мәліметпен танысыңыз.
Тоқты
Уақыттың зымырап өтіп бара жатқанын елемеуге тырысады. Ертеңмен емес бүгінмен өмір сүреді. Бір сәттік жағдайын да ойлайтын кездері бар. Сергектігі мен жүрегінің жастығы болар, қартайған шағында да жас көрінеді әрі қуаты мол болады. Бұған қарап 65 жастың өзінде келте қос бұрыммен, ойына келген іспен айналысып жүреді екен деп ойламаңыз.
Торпақ
Жалпы асқа тәбеті төмен торпақтарды кездестіру қиын. Сондықтан егде тарта бастағанда семіздікке бейім келеді. Олардың кейде ашу-ызасы жылдар бойы жалғасатын кездері болады. Қартайған шақта да бұл мінезінен тайынбайды, бірбеткей қарт атанады. Істің мән-жайын толық білмесе де, өзінің ұстанымынан қайтпайды.
Егіздер
Егіздердің жасы келгенде байсалды болады десеңіз қателесесіз. Егер олар бір биікке қол сермесе тоқтауы әсте қиын. Қарттық жақындаған сайын өзіне деген талабы күшейеді. Тіпті алдына жаңа немесе қол жетпейтін мақсаттар қоюы мүмкін.
Шаян
Шаяндарды екі санатқа бөлуге болады. Біріншісі – қартайғанда бала болып қалатындықтан, қамқорлық пен жанашырлықты қажет етеді. Бірақ бұл үшін балалары мен немерелеріне масыл болғысы келмейді. Екіншісі – отбасына сіңісіп, немерелерінің тілін табатын керемет ата мен әжелер. Алайда бұл екі санаттағылар да отбасына жайлы келеді.
Байсалдылығы мен мейірбандылығы қартайған шағында өзіне екі есе жақсылығымен келеді. Бойындағы жақсы ізгі мінездерінің арқасында қарттық шағында жамандық көрмейді. Жылдар бойы жинаған абырой-беделінің рахатын сезініп өмір сүреді.
Барлық нәрсеге сыни көзбен қарайтындықтан, барлығынан хабардар болып жүреді және бақылауында ұстайды. Осы мінезінен болар қартайғанда олар жақсы физикалық формада жүреді. Салауатты өмір салтын ұстанады, дұрыс тамақтанады, спортпен айналысады.
Өзін күтіп-баптайтын жан болғандықтан, жастығын сақтап қалу үшін мүмкін емес нәрселерге тәуекел етеді. Әжім, артық салмақ атаулыны жаны сүймейді. Осының нәтижесінде таразылар өз жасынан әлдеқайда жас көрінеді.
Жасы келген сайын маңғазданып, ақылы көбейеді. Оның ақыл-кеңесін мұқият тыңдап, санасқанды қалайды. Қалауы орындалмаса, жаны тынышталмайды, ойы сан-саққа жүгіріп, байбалам туғызып, сары уайымға салынады. Осыдан айналасындағы адамдар қалжырап, шаршайды.
Қартаюдан қатты қорқады. Өз замандастарының қартайған шақта қалай көрінетінін ойлап мазасызданады әрі айналасындағыларды сан сауалмен жалықтырады. Олар жас көрінесіз деген мақтау естісе, сергектік қуаты бірнеше күнге жетеді. Бір жас артық беріп қалса, жабырқап, салы суға кетіп, өзіне күтім жасауға да шамасы келмейді. Дегенмен табиғат мергендерге үлкен сый жасаған десе де болады. Сыртқы және ішкі жан дүниесі жас көрінеді.
Тауешкі
Қызық жаратылыс десе де болады. Өйткені тауешкілер бала кезінде өте салмақты, жауапкершілігі мол, ақылды болса, уақыт өте келе бұл жақсы қасиеттерінен айырылады. Қартайған шағында ұшқалақ келеді, бала секілді қорғансыз күй кешеді. Сезімдерін ешқашан іште сақтамайды.
Суқұйғыш
Суқұйғыштар бала кезінде көрсеқызар, елірме және көпбілгіштігімен айналасындағылардың мазасын алып жүреді. Алайда жас келген сайын өзгелердің олар жайындағы пікірі маңызды саналады. Аяқ астынан оқыс нәрселерді ойлап табады. Мәселен, таңғажайып немесе жұрттың назарын аударатын киімдер киіп алуы мүмкін.
Балықтар
Жұлдыздардың арасында қартаюдан қатты қорқатын – балықтар. Сыртқы не ішкі әлем өзгереді деп алаңдамайды. Олар өмір қысқа болғандықтан ойлаған мақсатын іске асыра алмаудан қорқады. Қартайған сайын жетістіктерін сағаттап айтып, уақытты алдағысы келеді.
Н. Үсенова