Ойшыл, жазушы, этнограф Карлос Сесар Сальвадор Аранья Кастанеда өзінің бір еңбегінде өмірден түйген маңызды 15 ойын жіктеп жазған болатын. Назарларыңызға ұсынамыз.
– Уақытыңызды бір жолға ғана арнау – бос әурешілік. Сіз саяхаттаңыз. Теңізге тап болсаңыз, кеме табыңыз. Дауылды күні пана іздеңіз. Жаңбыр жауса қолшатыр сатып алыңыз. Тек саяхаттауды доғармаңыз.
– Біреуге жасаған тірлігіңізді түсіндіруге уақыт жоғалтпаңыз. Әр түсіндірмеңіздің астында кешірім тілеу жататының естен шығармаңыз.
– Өмірден керегіңді алу үшін өзгерістерге дайын болуың керек. Өкінішке орай өзгерістер үлкен еңбекті, уақытты талап етеді.
– Ешқашан ешкімге ашуланба!
– Таңдаған бағытыңның тек бағыт екенін ұмытпа. Оны өзгертуге де, оны қайтадан бастауға да сенің құқығың бар.
– Өзіңнің қолыңнан келмейтін нәрсеге ұмтылғың келсе, барлық еңбекті төменнен бастау керек деген ұғымның да барын естен шығарма.
– Өмір – түс. Қорқынышыңды жең әрі ақталудың керек еместігін ұғын.
– Сізге кедергі келтіретін – сіздің ішкі жан-дүниеңізге орналысып алған қорқынышыңыз.
– Өзіне есеп бермейтін адамнан сақтан. Оның өмірінде сіздің жоқ болуыңыз бір-ақ сәт.
– Біздің өмірімізге нәр беретін ең ақылды кеңесші – өлім. Өлім туралы ойлар ғана сізді армандарға жол ашуға итермелейді. Өлім туралы ой сізді тәрбиелейді.
– Әркімнің өз жолы бар. Жолдар ешқайда апармайды. Өмірдің мәні сол жолда жүре алуыңда жатыр.
– Өзіміздің бойымыздағы надандықты жеңуге біздің уақытымыз бен күшіміз кетеді. Жеңіс маңызды.
– Ең улы нәрсе – ойымыз. Дәрі де – ойымыз. Ойыңыз жоғалтып алмаңыз.
– Соғыс өнері адами болмыстың жақсылығы мен жамандығы арасындағы теңдікті сақтауда жатыр.
– Адам болу үшін жауынгер болуың керек. Өмір – күрес алаңы.