Карл Юнг ұсынған психологиялық тест

Швейцариялық психиатр әрі педагог Карл Юнг ассоциация арқылы топтық бейсанаға арналған тест ұсынады. Оны орындау оп-оңай. Ол үшін

– Іштей бір түсті (цвет) ойлаңыз да, сол түспен бейнеленетін үш затты елестетіңіз. Мысалы жасыл қарбыз, жасыл қалам, жасыл шөп.

– Бір жануарды көз алдыңызға келтіріп, оған тән үш қасиетті еске түсіріңіз. Мысалы жылқы текті, адал, жүйрік.

– Су (теңіз, өзен) дегенде ойыңызға қандай сипаттары түседі? Мөлдір, таза, суық деген секілді үш сөз.

– Есік-терезесі жоқ, қабырғалары ақ түсті бөлмеде жалғыз отырмын деп ойлаңыз. Қандай сезімде болар едіңіз?

Жауаптары:

– Түс өзіңізді қабылдауыңыз, қоғамға әсеріңіз, басқалар тигізер пайдаңыз бен зияныңыз.

– Жануар өзге адамдарды қандай қасиеттеріне қарай бағалайтыныңыздан хабар береді.

– Су некелік өміріңізді бағалауыңыз.

– Бөлме туралы ойыңыз өлімді қалай қабылдауыңызға байланысты.