- Негізгі бет
- Психология
- Қария – дос...
Қария – дос – жар. Кімді таңдар едіңіз?
Бұл психологиялық тест жұмысқа қызметкер қабылдауға арнап жасалған. Көптеген компанияларда қандай қызметке лайық екенін анықтау мақсатында қолданылады.
Бұл тесттен сіз де өте аласыз. Тек бір сұраққа жауап беруіңіз керек. Бірақ шешім қабылдамас бұрын жақсылап ойланыңыз.
Елестетіңіз. Тек екі адам сиятын әдемі көлігіңізбен көше кезіп келе жатсыз. Кенеттен аспанды бұлт торлап, жаңбыр жауа бастады. Сіздің назарыңыз аялдамада тұрған адамдарға ауды. ол жерден үш адамды көрдіңіз.
1. Суықтан қалшылдап тұрған бейкүнә қария.
2. Бір кезде сізді қиындықтан құтқарған ескі досыңыз.
3. Бір көргеннен ғашық етерлік болашақ жарыңыз.
Енді сіздің алдыңызда таңдау тұр. Көлікте бір ғана бос орын бар. Жаныңызға үш кісінің қайсысын аласыз?
Әрине, шешім қабылдау оңай емес. Бір жағынан, қарияға да жаныңыз ашиды. Автобус келем дегенше, оған суық тиіп қалуы да мүмкін. Енді бір жағынан алғанда, сізге қиын кезде қол ұшын созған досыңызды мұндай ұсақ-түйек іске бола ренжіткен жарамайды. Ал өмірлік жарыңызды кездестіруді өмір бойы армандадыңыз. Мұндай мүмкіндік екінші рет келе ме, келмей ме?!
Сонымен, қандай шешімге келдіңіз? Жұмысқа қабылдаушының мақсаты адамның эстетикалық, моральдық құндылығын анықтау. 200 адамның ішіндегі 1 ғана адам мынадай жауап берген екен: «Мен ескі досыма зор сеніммен қараймын. Сондықтан оған көлігімнің кілтін беріп, дереу қарияны қажетті жерге жеткізуін өтінемін. Ал өзім өмір бойы күткен жанмен қаламын, мүмкін, онымен бірге автобусқа мініп, әңгімеміз жарасып кетер».
Ал сіз қалай жауап берер едіңіз?
@. @assel_assanova