2019 жылдың қараша айы белсенді, мақсаты бар жұлдызнама белгілері үшін тың өзгерістер мен тосынсыйларға толы болмақ. Ал, мазасыз, талапсыз жұлдызнама белгілері қиындыққа тап болуы әбден мүмкін. Келер айда қандай қателіктерден алшақ болып, қай жағдайда дұрыс шешім қабылдау керегін білу үшін қараша айына арналған жұлдыз жорамалды ұсынамыз.
Тоқты
Жұлдыз жорамал қараша айы Тоқты белгісімен дүниеге келгендер үшін мәселеге толы ай болатынын ескертеді. Әсіресе, қаржы жағдайы мен отбасылық қарым-қатынаста дау туындауы мүмкін. Соған қарамастан, өткен айдағы шиеленіскен жағдайлар өз шешімін табады. Икемділік пен кез келген істе жүйелі амал қолдану қараша айының аяғында еркін тыныстауға себеп болады.
Алғашқы онкүндікте Тоқтылар шабыт алып, іске білек сыбана кіріседі. Сол себепті, тоқтап қалған жобалар жаңа екпін алады. Осы уақытта қаржы мәселелері туып, біраз үнемдеуге тура келеді. Қаржы қиындықтарына жақын жандармен кикілжің қосылуы мүмкін. Бірақ, айдың 10-нан кейін жаныңыздағы жандардың қолдауына ие боласыз.
Қараша айының екінші ондығында мансап жолында жетістікке жету үшін талмай еңбек етесіз. Жұлдыздар байыппен әрі жүйелі әрекет етуге кеңес береді: жылдам нәтижеге үміт артпағаныңыз жөн.
Айдың соңғы онкүндігі жақсы жаңалықтармен қуантады, материалдық жағдай жақсара түседі.
Торпақ
Қараша айы торпақтар үшін басқа айлармен салыстырғанда жайлы ай болмақ. Бастысы – өзіңізді тек сізге жақын адамдармен ғана емес, бәсекелес әрі нашар қарым-қатынастағы адамдармен сыпайы ұстасаңыз болғаны. Бұл әдіс сізді тууы мүмкін кикілжіңдерден сақтап қалады әрі кейбір істердің сәтті аяқталуына бастама болмақ.
Алғашқы декада белсенді өтпек. Торпақтар бар күш-жігерін кәсіби салаға жұмсайды. Бұл күндері іскерлік қарым-қатынас деңгейі бір сатыға жоғарылап, сенімді серіктес табасыз. Одан бөлек, үлкен табыс күтіп тұр.
Ал екінші онкүндікте торпақтар уақытының басым бөлігін отбасы мен сүйікті адамына арнайды.
Үшінші онкүндік жаңа таныстар мен байланыстарды уәде етеді. Кейбір Торпақтар белді адамдармен танысуы әбден мүмкін. Сонымен қатар, жұлдыздар үлкен шығындардан сақ болуға кеңес береді.
Егіздер
Егіздер үшін күздің үшінші ай өзгерістер уақыты болмақ. Көптеген ой мен жоспарлар өзінің өзектілігін жоғалтып, дүниетанымдық төңкеріс болады.
Айдың алғашқы онкүндігінде аталған жұлдызнама белгісі кәсіби саласына айтарлықтай көңіл бөледі. Жұлдыздар еңбек жолы белді қолдаушының көмегімен ғана алға ілгерілейтінін көрсетеді: жаңа ұсыныстар мен көмектен бас тарпаңыз, әйтпесе, сирек мүмкіндікті жіберіп алуыңыз ғажап емес.
Екінші және үшінші онкүндікте болатын оқиғалар Егіздерден туыстық не романтикалық қарым-қатынаста тәуекелдікті талап етеді. Осы уақыт аралығында сізге қолдау, өзгелер тарапынан түсіністік пен мейірім керек. Айдың соңғы күндері ашылып сырласу, даулы мәселелер белгілі бір қарым-қатынастың үзілуіне себеп болуы ықтимал.
Шаян
Су элементі саналатын Шаяндар үшін қараша айы өзіне сенімділік пен икемділік секілді қасиеттерді талап етпек. Мақсаты айқын әрі еңбекқор шаяндар үшін ай олжалы болады.
Қарашаның алғашқы күндері бәсекелестері мен қарсыластарының "шабуылына" тап болады. Осы уақытта қолдаушысыз қалған олар өз бетімен шешім қабылдауға мәжбүр.
Екінші декадада, керісінше, Шаяндар өзінің қарсыластарымен бетпе-бет келіп, бар мәселені шешеді. Осы аралықта несие алуға кеңес бермейді.
Соңғы онкүндіктің басты тақырыбы – екінші жартыңыз бен отбасыңыз. Шаяндар тұрмыстық мәселелерді шешіп, отбасыға көңіл бөледі.
Арыстан
Арыстан белгісінде туғандар үшін күздің соңғы айы кезекті тұрақсыз кезеңнің жалғасы болады. Қаржы мәселесі, ішкі жан-дүниенің үйлесімсіздігі ай аяғында өз шешімін табады.
Айдың басында басшымен, әріптес не серістестерімен арада дау туындайды. Кикілжің ұзаққа созылмаса да, алғашқы он күн арыстандар үшін мазасыз болмақ.
Екінші онкүндік – жоспарлауға және оларды іске асыруға қолайлы уақыт. Осы уақытта аздаған табыс түсуі әбден мүмкін. Соған қарамастан, қаржы мәселесі сізден үнемдеуді қажет етеді. Айдың 15-жұлдызында кейбір арыстандар күйзеліс пен апатияға, ұйқысыздық пен эмоциялық жағдайдың өзгерісіне тап болады.
Айдың соңғы онкүндігінде Арыстан туған-туыстырамен қарым-қатынаста шыдамдырақ болғаныңыз жөн. Бар ашуыңызды жақындарыңыздан алу дұрыс шешім емес. Егер ыза мен ашуды бой алдырмай, оны жеңе білсеңіз, соған сәйкес қолдауға ие боласыз.
Бикеш
Жұлдыз жорамал Бикештерге сәтті айды уәде етеді. Айдың басы – сіздің кәсіби салаңыз үшін маңызды. Сіздің еңбегіңіз бастықтардың көзіне түсіп, серіктестеріңіздің алғысын аласыз. Одан бөлек, қарашаның алғашқы күнінен-ақ материалдық жағдайыңыз реттеліп, жаңа жоспарларды іске асыруды қолға аласыз.
Ай ортасында романтикалық қарым-қатынаста мәселелер туындауы мүмкін. Жұлдыздар жаныңыздағы жанға төзімділік танытып, көбірек көңіл бөлуге кеңес береді. Басы бос бикештер үшін бұл уақыт аралығы жаңа таныстыққа әкеледі.
Үшінші онкүндікте денсаулығыңызға аса мән бергеніңіз жөн. Әсіресе, қалқанша безі, асқазан мен ішек жолдары ауруынан сақтаныңыз. Медициналық тексерістен өтіп, емдік диеталарға отырғаныңыз дұрыс. Күзгі маусымның соңғы күндерін шоппинг, көңіл-көтеру мен мәдени шараларға арнаңыз.
Таразы
Жұлдыз жорамалға сәйкес, таразылар үшін сәтті айдың кепілі– салауатты өмір салты. Дұрыс тамақтану, жаттығулар, таза ауа мен жайлы атмосфера сіздің жұмыс өнімділігіңізге айтарлықтай әсер етеді.
Айдың алғашқы күндері – іскерлік салада маңызды әрі мақсаты бір адамдармен танысу үшін қолайлы сәт. Сонымен қатар, жаңа достарыңыз өз ортасында беделді адам болмақ. Бұл уақыт аралағында кез келген шақыртудан бас тартпағаныңыз абзал. Өйткені, маңызды кездесулер үй мен кеңседен тыс жерде болады.
Айдың екінші онкүндігінде өзіңіздің жайдары мінезіңізбен талай жанның жүрегінен орын табасыз. Дұрыс таңдалған сөз бен үйлесімді әрекет сіздің қоғамдағы орныңызды нығайта түседі. Жақындарыңыз ұсынған көмектен бас тартпаңыз. Өйткені, дәл сол адамдар сіздің жоспарларыңыздың шындыққа айналуына себеп болады.
Күз аяғына таман таразы белгісінде туғандар уақытын отбасыға арнайды. Тұрмыстық жағдай мен тұрғын үйін жақсарту үшін уақыт табады. Ал, жүрегі бос таразылар өз серіктерін іздеуге белсенді түрде кіріседі.
Сарышаян
Сарышаяндар үшін қараша айы оңай бола қоймайды. Ай басында шыдамдылық танытып, артық әрекеттен алшақ болғаныңыз абзал. Басқа жұлдызнама белгілері секілді қаржы қиындықтары кездеседі. Жоспарланбаған сауда мен ірі шығындардан сақтаныңыз. Алғашқы күндері бизнес жобаларыңыз тоқтап қалады. Уақыт ағынына қарсы жүзуге тырыспаңыз, одан ештеңе шықпайды.
Екінші онкүндікте материалдық жағдайыңыз жақсара түседі. Қазан айындағы мәселелеріңіз өзектілігін жоғалтады.
Айдың аяғына таман жақын адамдарыңыздың бірімен келіспеушіліктер болуы мүмкін.
Мерген
Айдың алғашқы күндері күтпеген ұсыныстар түседі. Қаржы мәселесі шешіліп, табыстарға кеңелесіз. Дегенмен, қаржылық тәуекелдерден алшақ болғаныңыз жөн.
Екінші ондықтың ортасында кәсібіңізде қиындықтар туындауы мүмкін. Бұл уақыт аралығы мергендер үшін беймаза шақ. Өзіңізді қинамаңыз.
Ай аяғын өзіңізге арнаңыз: жағымсыз ойлардан арылып, қорқынышыңызды жеңіңіз. Сонымен қатар, өзіңізге бір сәт еркіндік беріңіз.
Тауешкі
Қараша айында өзіңіздің иығыңызға артық жауапкершілік жүктемеңіз, әйтпесе эмоциялық тұрғыдан дағдарыс қаупі жоғары.
Алғашқы 10 күн белсенді әрекеттерге арналмаған, есесіне өзіңіздің осыған дейінгі іс-әрекетіңізді ой желегінен өткізуге қолайлы уақыт. Осы уақытта пайдаланып, болашаққа жоспар құрыңыз.
Ал екінші декада нағыз білек сыбанып тұрып, жұмыс істейтін шақ. Іскерлік келісімшарттарды осы уақытта жасағаныңыз абзал. Егер жеке бизнес ашу көптен бері ойда жүрсе, осы уақытты пайдаланып қалыңыз. Өйткені, бұл уақытта басталған кез келген іс берекелі болады.
Ай аяғында денсаулығыңыз бен отбасыңызға көңіл бөлуді ұмытпасаңыз, барлық ойлаған ісіңіз жүзеге асады.
Суқұйғыш
Қараша айының басы – мақсатыңыз бен жоспарыңызды ретке келтіретін уақыт. Ұзақ мерзімді идеялар мен жобаларды жан-жақты сараптағаныңыз дұрыс. Алғашқы декаданың соңғы күндерін сіз жұмысқа арнайсыз.
Екінші онкүндікте суқұйғыштар бар уақытн жұмысқа арнап, айналасыңдағыларға көңіл бөлуден қалады. Сол себепті, аздаған түсініспеушіліктер туады.
Айдың аяғында жақсы жаңалықтар естисіз. Бұл уақыт – романтикалық кештер үшін қолайлы.
Балықтар
Алғашқы күннен-ақ ай табысты болмақ. Әсіресе, үлкен компанияда жұмыс істейтін немесе жеке бизнеспен айналысатын адамдар үлкен пайдаға кенеледі. Сонымен қатар, бәсекелестеріңізден ұсыныстар түсуі мүмкін. Жұлдыз жорамал бірден бас тартпай, ойлануға кеңес береді. Өйткені, аталған ұсыныс ірі табыс көзі болуы мүмкін.
Ай ортасы жасы үлкен туыстарыңыздың өміріндегі қиындықтарға байланысты мазасыз болады. Бірақ, уайымдамасаңыз да болады. Барлық мәселе айдың 20-на таман өз шешімін табады.
Ай аяғына таман денсаулығыңыздың сыр беруі өміріңіздің басқа салаларына айтарлықтай әсер етеді. Балық-әйел адамдар гинеколог не нефролог қарауына барса, ер адамдарға алкогольді ішімдіктерден бас тартуға кеңес береміз.