Өздеріңізге ханшайымға тән мінезді үйрететін әзіл мен шындық аралас кеңестерімізді ұсынамыз. Қыз бала ата-анасы үшін әрдайым кішкентай ханшайым болып қала беретіндігі әрдайым естеріңізде болсын.
Ханшайымның сырт келбеті:
* Шаш – қыз баланың көркі. Ол үнемі таралған әрі таза болуы тиіс.
* Ханшайымдардың жүрісі өзі секілді нәзік келеді. Олар тізесінің арасын үнемі біріктіріп ұстайды.
* Ханшайымдардың жылдам қозғалып, кейде босаңсуына да болады.
* Ханшайымдар тесік шұлықтарды сақтамайды.
* Ханшайымдар классикалық үлгідегі киімдерді кие білуі тиіс.
Ханшайымның ақылы көркіне сай:
* Ханшайымдар өте білімді. Алайда білімділігін үнемі көрсете беруге тиісті емес.
* Ханшайымдардың сүйікті ісі болуға тиіс. Тіпті, музыка мен сурет өнері болмаса да, үй өсімдіктерін өсіре білуі керек.
* Ханшайымдар өзіне лайық орынды біледі.
* Ханшайымдардың жастық шағы сезім мен ғашықтыққа толы болады.
* Ханшайымдар еш уақытта жүресінен отырмайды.
* Ханшайымдарға барлығы қызығады.
* Ханшайымдар шақырған жердің барлығына бара бермейді.
* Ханшайымдар өзгелердің назарын өзіне қарата біледі.
* Ханшайымдар өзін сөзімен емес, тындырған жұмысымен сыйлата алады. Және би кештерінде ұстамдырақ билейді.
Ханшайым мен Ханзада:
* Қарапайым жігітті ханзадаға айналдыру ханшайымдардың қолынан ғана келеді.
* Ханшайымдар ханзадасына әкесіндей еркелей алады.
* Ханшайымдар өз сезімін бірінші болып білдірмейді.
Ханшайым философиясы:
* Ханшайымдар жаман әдеттерден аулақ. Олар – болашақ жар, болашақ ана.
* Ханшайымдарды ер азаматтары алақанына салып аяласа да, өздеріне жетерлік табыс көздері бар.
* Ханшайымдар орнымен сөйлейді.
* Ханшайымдар өмір заңдылықтарын жақсы түсінеді. Олардың да жабырқайтын сәттері болады.
* Ханшайымдардың адамгершілігі мол болады.
* Ханшайымдар жаңалықтарды үнемі бақылап отырады.
Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Сурет: fashion.ru