Балмұздақтың дәурені басталды. Әр адамның сүйіп жейтін балмұздағы болады. Ал сіз адамның қандай балмұздақ таңдағанына қарап мінезін тануға болатынын білесіз бе? Елестетіңізші, жаңа танысқан жанмен бірге балмұздақ жеуге бардыңыз да, ол туралы біраз ақпаратқа қанық болдыңыз. Стақандағы балмұздақ Романтикалық тип. Бала кезімізде тек осы түрі болған. Бұл балмұздақты ұнататындар бірінші кезекте жанының тыныштығын тілейді. Оларға өмірдің романтикалық тұстары көбірек ұнайды: бір құшақ гүл, шам жағып отырып ішкен кешкі ас... Өзгелердің қуанышына да, қайғысына да шын жүрегімен ортақтаса алады. Бірақ бұл қасиетін өзгелер шектен тыс пайдаланбағаны жөн, себебі бұл жанның жаны өте жараланғыш. Эскимо Салқын тип. Эскимо сүйгіштердің мақсаты айқын әрі жігіттерді тез айналдырып әкетеді. Біраз жасқа келгеннен кейін ғана салмақтылық қасиеті оянып, бала-шаға туралы ойлай бастайды. Үйдегі кез келген жағдайды шешіп, ісіне тиянақты қарайды. Шоколад кесегі бар пломбир Тұрақсыз. Олар шоколад кесегі бар түрлі пломбирді ұнатады. Олар өмірде алдынан кезіккен ләззаттың бірін жібермей бойына сіңіріп алады. Жеңіл флиртке де әрдайым дайын болады. Көбінесе жаз мезгілінде басталған махаббатының ғұмыры ұзаққа созылады. Мінезі де аумалы-төкпелі, аса құбылмалы, өткінші сезімдерді жиі бастан кешеді. Жеміс-жидекті балмұздақ Менмен. Көп жағдайда жемістен жасалған балмұздақ ұнататындар жар болуға жарамайды. Мұндай жандар үшін тым тез көлік не аса ұзақ жол деген жоқ. Олар өмірдің әр сәтінен ләззат алып, барынша жан рахаты үшін өмір сүруге тырысады. Дегенмен ер адамдар көзімен олар өмірдің мәні боп көрінеді. Йогурт типті балмұздақ Спорт сүйер қыздар. Мұндай типтегі қыздар құрамында калориясы аз, кальцийі көп йогурт балмұздақты ұнатады. Олар үшін өз денесі тартымды болғанынан артық ештеңе жоқ. Олармен көңіл қосқысы келетін жігіттер оның спорттан да, диетадан да қашықтата алмайды. Вафлидің ортасына салынған балмұздақ Пысық. Бұл типтегі нәзік жандылар сэндвич секілді вафлидің ортасына салып жасалған балмұздақты жақсы көреді. Олардан ең жақсы отанасы шығады, бірақ бұл қасиеті шектен шығып та кетпейді. Ай астында серенада айтсаңыз да, бұл аруға әсер етпейді. Қандай балмұздақ болса да бәрібір Көңілді. Оларға не болса да бәрібір. Барлығына, соның ішінде ер адамдарға да жеңіл көзқараста қарайтын, аздап ұшқалақ мінезді боп келеді. Кез келген ұсақ түйекке балаша шаттанып, бақыт таба алады.