- Негізгі бет
- Психология
- Қандай адамдармен араласпау...
Қандай адамдармен араласпау керек? #2
Өмір жолында бізге серік болатын адамдар жиі ауысады. Солардың арасында сіз қандай типті адамдармен араласпауыңыз керек?
Жалқау адамдар
Жалқаулық – жұқпалы ауру. Жалқау адам басқаларды да жалқау етеді. Мұндай адамға неғұрлым жақын болсаңыз, соғұрлым мақсатыңыздан алыс боласыз.
Тіпті өмірден ләззат алуыңыз да екіталай болары анық емес пе?
«Өмір бір-ақ рет беріледі» деп өмір сүретіндер
Бір-ақ рет өмір сүреміз деп ойына келгенін істеп, ақымақтық жасайтын адамдар бар. «Соның салдарында өліп қалсам ештеңе етпейді» деп адам ойына келмейтін қылықтарды жасау дұрыс емес.
Өмір бір-ақ рет беріледі деген: «Мән-мағынасы бар нәрселерді істеу керек. Сенде тек бір-ақ мүмкіндік бар, жіберіп алма!» деген ұстанымның нәтижесінен шыққан «ұран».
Мылжың адамдар
Бос әңгіме, орынсыз әзіл айтып, адамды мезі ететін адамдар болады. Олар сіздің алтын уақытыңызды құртып, көңіл-күйіңізді де түсіреді. Мұндай адамдармен көп уақыт өткізуден аулақ болыңыз.
Сурет: ©Евгения Горобец
Ұқсас жазбалар:
Неліктен мақсатыңды біреуге айтуға болмайды?
Ф. Абилова