Кейбір адамдардың біздің өмірімізге ықпал ете алатын қасиеті болады. Бірінен игі ықпал болса, басқасынан кері ықпал.
Ал өмірді жақсы сүру үшін ортамызды ондай адамдардан тазалау керек. Моральдық тұрғыдағы мықты адамдар өзгелердің өмірімізге қаншалықты әсер ете алатынын біледі. Сол себепті араласатын адамдарды жақсылап іріктейді.
Біздің өмірімізде болмауы керек адамдар кімдер? Оны қалай анықтаймыз?
Өркөкірек адамдар
Өзіне, қоғамға өзінің қаншалықты «керемет әрі қажетті» адам екенін дәлелдеуге тырысатын адамдар. Алайда біз үнемі олардың шын бейнесін көре аламыз.
Бір нәрсені айтып, өзгелер қызғансын деп әлек болатынан адамдар – бақытсыз саналады. Мұндай адамдар сіздің ортаңызда болмауы керек.
Надан адамдар
Бұл дегеніміз академиялық білім туралы емес. Надандық – адамның ішкі эгосы, өзіне деген асыра сенімділігі мен өзгелерді менсінбеуі.
Көптеген жағдайда дұрыс емес шешім қабылдап, жапа шегіп, өз қателіктерін қайталайтын адамдарды жиі кездестіреміз. Бұл да эгоның, менмендіктің кері әсері.
Жабысқақ адамдар
Адам есейе келе көп нәрсені көреді. Соның бірі – қарыз мәселесі. Достарымыздың жағдайы болмай тұрғанда қол ұшын беріп, кешкі ас шотын төлеу – бұрыстан гөрі дұрыс әрекет.
Бірақ осындай жағдайды пайдаланып, қаржы мәселесін жақсартуға атсалыспайтын адамдардан аулақ болу керек.
Жалғасы
Сурет: ©Фархат Тоқтаров
Ұқсас жазбалар:
Неліктен мақсатыңды біреуге айтуға болмайды?
Өз есіміңізге ризасыз ба?
Неге үндемейсіз?
Өмір туралы өсиет әңгіме