Қандай адамдардан аулақ болу керек?
Адамды қалыптастыратын да, бұзатын да ортасы. Қандай адамдармен ойланып араласу керек?
1. Сыншы
Белгілері: ол адам жасаған барлық нәрсеге айып тағады:өзгенің әр қимылы және әр демі оның ашуына тиеді. Айналасындағы адамдар, ешнәрсені дұрыс істемейді.
Сыншы адам өзгеге ешқашан дөрекі ештеңе айтпауы мүмкін. Бірақ ол өзгенің сенімі, сыртқы келбеті, ойларын өзгертіп, түзеп отыруға тырысады. Бұл көбінесе өзін-өзі бағалаудың төмендігімен және бәрін бақылауда ұстауға деген ұмтылыспен байланысты.
2. Пассивті агрессор
Белгілері: Мұндай адаммен әдетте өзіңізді қыл үстінде жүргендей сізінесіз. Оның не айтқысы келгенін білмейсіз, ол сезімдеріңізді жоққа шығарады, сарказммен сөйлейді, мақтағанның өзінде оны күмәнді жеткізеді.
Пассивті агрессия — ашудың жабық көрінісі. Егер адам жай сөйлесе алмаса, бірақ сарказмды қорғаныс механизмі ретінде қолданса, түсініксіз хабарламалар жіберсе немесе өзінің жағымсыз эмоцияларын тікелей көрсетпесе, бірақ мұны тек жасырын түрде жасаса — сіздің алдыңызда пассивті агрессор отырғанын ұмытпаңыз.
3. Нарцисс
Белгілері: ол бәрін біледі, ол бәрінен де жақсы және оны әр минут сайын еске салудан тартынбайды. Сіздің жетістігіңіз туралы өзгелер сөз қылса, міндетт түрде қосылып, өзінің жетістігін де сөз етеді.Тек мақтау күтеді, мақтамасаңыз өкпелеп қалады. Өмірі өзгелермен бәсекелесіп жүргендей болады.
4. Жабық адам
Белгілері: әңгімеге қатысудан бас тартады, проблемалар туындаған кезде өз сезімдерін бөліспейді. Ол үнемі тікелей сұрақтардан жалтарады. Осыған байланысты басқа оның жанындағы адам өзін елеусіз, адал қарым-қатынасқа лайықсыз сезіне бастайды.
5. Асоциалды тұлға
Белгілері: бойында социопаттың ерекшеліктері бар: агрессивті және ашушаң, ызақор. Одан бөлек, психопатқа тән белгілері де болады: өкіну мен жанашырлықтың болмауы, басқаларды өз пайдасына пайдалануға бейімділік, ашкөздік, кек алу.