Қандай адамдар өздерін бақытты сезінеді?

Салауатты өмір салтын сақтанып, физикалық тұрғыда шыныққан және қарым-қатынаста мәдениетті жоғарғы орынға қоятын адамдар өздерін бақытты сезінеді екен. Бұл туралы зерттеу жүргізген Ноттингем Трент университетінің ғалымдары мәлімдеп отыр.

Зерттеушілер он мыңнан аса адамға сауалнама жүргізіп, өз қорытындыларын шығарған. Нәтижесінде спортпен шұғылданатын, жиі театр мен мұражайларға барып тұратын адамдар өздерін өмірде бақытты сезінетіндіктерін айтқан. Сондай-ақ түрлі музыкалық аспаптарда ойнайтын адамдар да өмірлеріне дән риза екендіктерін жасырмаған.

Университет зерттеушілері қорыта келе бақыттың бір кілті - салауатты өмір салтын сақтануда деген тұжырымға келіп отыр. Ал салауатты өмір салтын сақтану - қимыл белсенділігі, дұрыс тамақтану, түрлі аурулардың алдын алу мен зиянды әдеттерден алшақ болудан тұрады.