- Негізгі бет
- Психология
- Қанатың қайырылмасын топшысынан...
Қанатың қайырылмасын топшысынан
Дэн Вальдшмидт - Waldschmidt Partners International консалтингілік компанияның басшысы, маркетология, бизнес-стратегия саласының маманы, атақты дәріскер әрі блогшы. Dow Jones нұсқасына сәйкес оның блогтары – әлемдегі ең үздік жазбалардың бірі. Оның ерекше идеялары өмірді жақсы жаққа өзгертуге көмектеседі.
Дэн Вальдшмидтің айтуынша, табысқа жеткізетін 19 «керекті» іс бар. Оларды назарларыңызға ұсынамыз.
1. Қатты қорықсаңыз да, қоңырау шалуыңыз керек.
2. Әдеттегіден ерте тұруыңыз керек.
3. Аз алсаңыз да, көп қайтаруыңыз керек.
4. Өзгелер қамқорлық танытпаса да, оларға көңіл бөлуіңіз керек.
5. Соңғы қасық қаныңыз қалғанша күресуіңіз керек.
6. Қандай жағдай болмасын, нар тәуекелге баруыңыз керек.
7. Қоластыңызда адам болмаса да, басқарып үйренуіңіз керек.
8. Басқа біреу болмаса да, өзіңізді «қаржыландыруыңыз» керек.
9. Өз сауалдарыңызға жауап іздеген кезде, ақымақ адамдай көрінуіңіз керек.
10. Олардан бас тарту оңай болса да, детальдарға мән беруіңіз керек.
11. Сылтау таба алсаңыз да, нәтижеге жетуді мақсат тұтуыңыз керек.
12. Өзгелердің пікіріне қосылғыңыз келсе де, өз ойыңызды айтуыңыз керек.
13. Қателесіп білуіңіз керек.
14. Сүрінсеңіз де, қайта тұрып жүгіруіңз керек.
15. Тынысыңыз тарылса да, қаттырақ жүгіруіңіз керек.
16. Сізге қиянат жасаған адамға мейірімділік танытуыңыз керек.
17. Аз уақыттың ішінде үлкен нәтиже көрсете білуіңіз керек.
18. Іс насырға шапса да, жауапкершіліктен бас тартпауыңыз керек.
19. Алдыңыздан кездесер кедергілерге қарамастан алдыға жылжуыңыз керек.
Біз ең қиын жұмысты кейінге қалдырамыз. Алайда жігері мықты адамдар жауапкершілікті мойнына алып, табысқа жетеді. Осы ережелерді ескеретін болсаңыз, міндетті түрде жолыңыз болады!
Қ. Бүйенбай