- Негізгі бет
- Психология
- Қанағат қыл басыңдағы...
Қанағат қыл басыңдағы бағыңа
Жарым екеуіміз дәмханада отырып, шай іштік. Ол өте жас, сұлу кісі болатын. Мен оны қатты жақсы көрдім. Үстімде көңіліме жақпайтын ескі пальтом бар. Өзімді ұсқынсыз етіп көрсететін, еш жылуы жоқ осы пальтоны көрген кезде жыным келетін. Оның үстіне кірген дәмханамыз арзан жер болатын. Шайының дәмі де жоқ.
Болашақта сәнді киім киіп, күйеуіміз екеуіміз қымбат мейрамханада отырып тамақтанамыз деп армандайтынмын. Күйеуім осының барлығын ойлап отырғанымды, көкейімде мұң жатқанын еш байқамады. Оттай жайнаған көздерімен күлімсіреп қарап тұрды.
Арада біраз уақыт өткен соң ол қайтыс болды. Мен жалғыз қалдым. Жалғыз болсам да, сәнді киімдер кидім, ең қымбат деген мейрамханаларда тамақтандым. Бірақ ол қасымда болмады.
Барлығы бола тұра ешнәрсем жоқ деп есептеген өмірімнің осы кезеңін қайғыра отырып еске аламын. Қолда бардың қадірін біліп, қанағат еткенге не жетсін?! Мұндай қателікті көп адам жібереді. Ақша мен адам арасында таңдау жасауға болмайды екен. Ал сіз үшін әлеуметтік-тұрмыстық жағдайдың, ақшаның маңызы қандай?
Қ. Бүйенбай