Біраз жасқа келсе де, өзінің қан тобын білмейтін адам жетерлік. Арнайы уақыт бөліп, өз қан тобыңызды анықтаңыз. Негізінде қан тобының қандай болуы біршама маңызы бар. Соның бірі ретінде психологтар наазарынан да тыс қалмайды. Яғни мамандар қан тобыңызға қарап мінезіңізді анықтайды.
I қан тобы
Бұл топтағы адамдар басқарғанды ұнатады, өзіне біреудің үстемдік жүргізгенін еш қабылдай алмайды. Бірнеше істің басын шалып жүреді, көбісін мәреге жетпей тастап кетеді немесе "жеткізіп беретін" адам табады. Үнемі алдыңғы қатарда жүреді, ұжымды жақсы ұйымдастыра алады. Сүйген жанына жан-тәнімен адалдық танытады. II не III қан топты адамдармен жақсы жұп болады.
II қан тобы
Бұл топтағылар аса сезімтал. Басқалармен жақсы қарым-қатынас орнатады және өзіне қарағанда, өзгелердің мәселесін шешуге бейім. Жақындары, достары көбінесе бұл қан тобындағыларға кеңес алуға келеді. I және IV қан тобындағы жандармен жарасым табады.
III қан тобы
Бұл топтағылар өте өзімшіл. Қадалған жерінен қан алмай қоймайтыны да бар, сол себепті полиция, тергеуші, із кесуші, салық қызметкері секілді мамандықтарды жақсы алып шығады. I және IV қан тобындағылар осы топтағылармен бір шаңырақ астында ұзақ тұра алады.
IV қан тобы
Көпшілік ортаны аса ұната бермейтін жандардың қан тобы IV болады. Асқан ақылымен сабырының арқасында зерттеген ғылымының түбіне жетеді. Көп ойланады. Олардан жақсы ғалым шығады. Қаны II, III топты адамдармен жарасымды жұпқа айналады.
Ал сіз қан тобыңызды білесіз бе?