Қалайша?

Қалайша?

Бұл сұрақ жігіттердің ойында күніне неше рет туындайтынын білесіз бе? Қыздардың өздеріне тән қылықтарын көріп, сөздерін естігенде, жігіттер тығырыққа тіреліп, ғасырлар бойы осы сұрақтардың сырын ұғына алмады.

Ұзын тырнақ

Жігіттер ұзын тырнақты қыздардың қалайша қалам ұстайтынына, пернетақтамен әріп теретініне, басқаларға зақым тидірмей құшақтайтынына таң қалады. Тырнақ сынған сәттері бізге күлсе де, ішінен бұл құбылысқа қайран қалады.

Түпсіз сөмкелер 

Қыздың ең кішкентай сөмкесіне де телефон, кілт, әмиян, далап, айна, тарақ, кітап, сүйікті ән табан, құлақшын, қосымша шұлық сыйып кетеді. 15х20 өлшемді сөмкеден қыздың нәзік қолы оған сыюы мүмкін емес заттарды шығарғанда, жігіттер біздегі сиқыршы қасиеттерін байқап, таң қалады.

Көз бояғанда, аузымызды ашу

Сауалнама бойынша, жігіттердің 78%-ы қыздар көздерін бояғанда неліктен ауыздарын ашатынын білмейді екен. Қызының боянғанын көрген жігіттер бұл көріністі қызық санайды. Алайда қыздар еріккеннен аузын ашпайды, бұлайша көз терісі тартылып, қабақты бояу әлдеқайда ыңғайлы болады.

20 градус суықта шұлық киюіміз

Аяғын қырмайтын болса да, жігіттердің қыста шорты кигенін көрдіңіз бе? Қақаған суықта еш қорықпастан жұқа шұлық пен белдемше киюге құмар қыздар толып жатыр. Бұл жайтқа жігіттер ғана емес, дәрігерлер де таңдай қағып, бұндай ерлікке бармауымызды сұрайды.

Сұлулығымызға қанағаттанбау

"Мен толып кетіппін" сынды сөздерді естіген жігіт сөздеріңіздің орынды емесін көріп, бұл ойды қайдан алғаныңызға таңданады. Осындай сөздерді тым көп естіген жігіттер бос сөзге ашулана бастайды. Эх, солар біз тек комплиментке сұранып тұрғанымызды түсінсе ғой...

Өзімізге тән санамыз

Жігіттердің бітпейтін қалжыңдары мен өсектерінің басты тақырыбы қыздар санасы. "Логикалық ойлау қабілеттері жоқ", "сезімдер мен эмоцияларға берілгіш" деп бізді сипаттауға үйренген жігіттер өздерінің интуициясының осалдығы мен сезімдерге келгенде 5 жасар балаларға ұқсауын байқайды ма екен?

Биік өкшелер

Қанша ұрпақ өтсе де, сонау апаларымыз киген өкшелер қазір де сәнде. Осы уақыт бойы жігіттер оның қажеттілігін еш түсіне алмады. 12 сантиметрлік өкшеде тұру мейлі, онымен көлік айдап, тайғанақ еденде жүгіру қасиетінің сыры оларға еш ашылмайтын сияқты. 

Бір айда алынған 10-шы киім

"Жарты жалақы тұратын", "еш киіміне жараспайтын", "қажеті жоқ" жаңа киімнің "басқа ешкімде жоқ", "керемет", "ең сәнді" екенін қашан түсінесіздер?

Жол сандығымыздың өлшемдері

Жігіттер сапарға шыққанда қалтаға да сыятын қосымша шұлық пен тіс щеткасынан тұратын "жігіт  жиынтығын" ғана алса, біз, қыздар көрінгеннің бәрін қалдырмай аламыз. "Жаңбыр жауып қалса", "күн шықса", "кешке бір жерге барсақ" деген жағдайлар жетерлік қой. Косметиканың да түр-түрін алып, кез келген жағдайға дайын боламыз. Демалысты бір көйлекпен өткізгеніңізді көрген жігіт, бұл жол сандықты сонау алысқа не үшін арқалап келгенін түсінбейді.

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: menspsychology.com

С. А