Айна қағидасы: біреу жайлы пікір айтқың келсе, алдымен өзіңнің қандай екеніңді бір еске ал.
Ауру қағидасы: Өзі өкпелі адам өзгеге өкпе артқыш болады.
Үстіңгі жол қағидасы: Біреудің сізге қарым-қатынасы нашарлап, сіздің басқалармен қарым-қатынасыңыз жөнделе берсе, сіздің жоғарылай бастағаныңыз.
Бумеранг қағидасы: Біз біреуге жәрдем беру арқылы өзімізге өзіміз көмектесеміз.
Көпір қағидасы: Адамдар өздерінің өзендегі көпірмен не үшін жүру керектігін түсінбейді: арғы бетке өту үшін бе, әлде су кешкісі келмегендіктен бе?
Орындық қағидасы: Біз біреуді өз орнына қою үшін ол адамды алдымен өз орнымызға қойып көруіміз керек.
Үйрену қағидасы: Көлденең көзді кез келген адамның бізге бір нәрсені үйрете алатын қабілеті болады.
Харизма қағидасы: Адамдар өздеріне қызығушылығы артып жүрген жан жайлы бәрін білгісі келіп тұрады.
Адалдық қағидасы: Адамдар өзгеден адал болуды күтеді, бірақ өздері бұл сөздің не екенін де білмейді.
10 баллдың кағидасы: Сенім адамдардың өз-өздерін түзеуіне жол сілтейді.
Тайталастық қағидасы: Біз ең алдымен біреудің қамын жасағандай болып жүреміз де, уақыт өте бірден сонымен тайталасып шыға келеміз.
Іргетас қағидасы: Сенім – кез келген қарым-қатынастың іргетасы.
Лифт қағидасы: Біз адамдармен қарым-қатынас жасау арқылы оларды жоғары көтеріп те, төменге түсіріп те жібере аламыз.
Жағдай қағидасы: Ешқашан сіз үшін қарым-қатынастан жағдайдың маңызды болып кетуіне жол бермеңіз.
Қарапайымдылық қағидасы: Біреумен қарым-қатынастың жеңіл өтуі оның өзін еркін сезінуіне жол ашады.
Окоп қағидасы: Егер біреумен соғысқалы жатсаң, алдымен өзіңе досың екеуің сыятындай етіп окоп қазып қой.
Егіншілік қағидасы: Барлық қарым-қатынастарды тек қана өсіре беру керек.
Төзім қағидасы: Жалғыз шыққаннан гөрі, екеу болып саяхатқа шыққанда үнемі жайырақ жүруге тура келеді.
Әріптестік қағидасы: Бірігіп пішкен тон келте болмас.
Қуаныш қағидасы: Берекелі ортадан бір рет қана бас сұққанның өзінде-ақ өмірлік ләззат алуға болады.
Безіну қағидасы: Біз көп жағдайда өзімізден безінетін адамның артынан қуа береміз.
Баспалдақ қағидасы: Адамдардың көбі жоғары көтеріліп бара жатқан жанның аяғынан тартады, өзінің соңынан келе жатқан адамды теуіп құлатқысы келеді. Бірақ баспалдақтың жоғарыға түсіп-шығу үшін салынатынын ұмытпау керек.
Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Сурет: mail.ru